Бір апта бойы іздеуде болған семейлік азаматтың денесі табылды
36 жастағы Асхат Әлжанов 7 ақпанда үйден кетіп, содан бері ол туралы хабар болған жоқ
Сол күні Семей қаласының Бөкенші ауылында ер адам досына бейіт қазуға көмектеспек болып, қайтып оралмаған, деп хабарлайды Устинка LIVE тілшісі.
LIDER.kz еріктілерінің хабарлауынша, кеше іздестіру жұмыстары тоқтатылды, ер адамның мүрдесі табылды. Оның қайтыс болу себебі туралы ресми мәліметтер бізге әлі берілмеді.