Өскемен
ясно
-12°
  • Өскемен
    -12°
  • Алматы
    +1°
  • Астана
    -3°
  • Ақтөбе
    -3°
  • Актау
    +8°
  • Орал
    -2°
  • Қарағанды
    -4°
  • Көкшетау
    -6°
  • Қостанай
    -5°
  • Қызылорда
    +2°
  • Павлодар
    -11°
  • Петропавловск
    -10°
  • Тараз
    +1°
  • Туркестан
    -3°
  • Шымкент
    +8°
$
498.51
+0.17
522.84
+3.12
¥
68.81
+0.02
4.81
-0.04
ҚР Ұлттық банк курстары

Егер бір оқиғаның куәсі болсаңыз, құқығыңыз бұзылса немесе қандайда бір мәселені көтергіңіз келсе, бізге хабарласыңыз

Өскемен мен ШҚО Өскемен мен ШҚО
Ирина Николенко
Ирина Николенко
Ақпарат көзі:
Устинка

Автобус жүргізушілері неліктен кей аялдамаларға тоқтамай өтіп кетіп жатыр?

Бүгін көптеген қала тұрғындары жолдардың "езіліп" жатқандығынан жұмысқа кешігіп жеткен-ді

Ақпандағы ауа-райы тұрғындар үшін қолайсыздық тудыруда. Қар аралас жаңбыр, біресе қатты суық болғандықтан жолда көліктер жүру үшін қиындықтар туындады. Өскеменде жұма күні кейбір автобус жүргізушілері адамдарды аялдамаларда тұрған жолаушылардың қасынан тоқтамай өтіп кеткен. Бұған наразы болған жолаушылардан көптеген шағымдар келіп түсуде, деп хабарлайды Устинка LIVE тілшісі.
Мәселен, осындай жағдай өткен жұмада 17.52-де Қазақстан көшесіндегі "Талап бойынша" аялдамасында болды.
- Автобус пен трамвай аялдамалары бір жерде болғандықтан, трамвай тоқтады, машиналар жолаушыларға жолдан өту үшін тоқтады. Солардың арасында 38-ші автобус та болды, мен оны жұмыстан шығып үйге жету үшін тосып тұрған едім. Бірақ автобус жүргізушісі аялдамаға жетпей тұрып, адамдарды түсірді де, есігін тарс жауып кетіп қалды. Біз оны тоқтату үшін қолымызды бұлғадық, бірақ ол артынада қарамай кетіп қалды. Мен басқасын күтуім керек еді, - деді қала тұрғыны Әсемгүл.
Бұл оқиға бүгін сол 38-ші маршрутпен қайталанды. Сол сияқты, жартылай іші бос автобус е Қабанбай батыр көшесіндегі "Университет" аялдамасына тоқтамай кетіп қалған, ал оны күткен адамдар жұмысқа кешігіп жетті.

Екі жағдайда да біз осы жағдайға куә болдық және жолаушылардың наразылығына ортақ болдық, өйткені біз олардың арасында едік. Алайда, жүргізушілердің де, "Марат М" флотының менеджерінің де өз түсініктері бар. Бізге жолдардағы жағдайға кінәлі екенін айтты - мұз, шұңқырлар, жолдағы "ботқалар". Жүргізушілер кестеден айтарлықтай артта қалып отыр, сондықтан, мүмкін болған жағдайда аялдамадан "асығыс" өтіп кетеді.
"Мен жағдай туралы білемін, бірақ мен әзірге командаларға бара алмаймын, олар телефонды көтермейді, сіз жолдарда не болып жатқанын көресіз", - деді "Марат М" ЖШС менеджері.
Қаланың басқа аудандарында тұратын азаматтарға қиын болды. Мәселен, Новостройка аялдамасындағы Согра ықшамауданында жолаушылар 32-ші автобусты 40 минуттан артық күтті, маршруттардың бірі кестеге сәйкес келмеді. Қазір жаяу жүргіншілерге де, жүргізушілерге де қиын. Аулалардағы қарлар еріп жатыр.
Мәселен, қала тұрғыны Светлана бүгін Металлургтер көшесіндегі шұңқырдағы сумен бірақ кіріп кеткен. Ал Денисовтар әулеті баласын мектепке жеткізу үшін жолда бірнеше жерде бөгеліп қалған - алдымен Алматы көшесіндегі аулаға батып, содан кейін хоккей модулінің жанында Темирязев көшесіне, одан кейін Протозанов - Мызы көшелерінің қиылысында.
- Апокалипстің бір түрі! - дейді қала тұрғындары.

Қолдан келер шара жоқ. Тек тісіңізді қайрап, ақпан айындағы ауа райына көнбеуден басқа амал жоқ. Алдағы күндері синоптиктер ауа райы суытады яғни, - 20 градусқа дейін аяз болады деп болжайды. Бұл бізді күткен тағы бір сынақ, яғни далада көк тайғақ мұз болатындығын білдіреді, өйткені "ботқаның" бәрі қатып қалады. Көктемде мұндай сынақтар қанша болады – ойлаудың өзі қорқынышты. Табиғаттың "тосын сыйларынан" шаршаған көптеген шығысқазақстандықтар жазды асыға күтетін шығар.
Следующая →