Семейде жасөспірім алты автоұрлық жасаған
16 жастағы жігіт кілттенбеген автокөліктерді ашып, сол жерден қандай да бір құндылықты білдіретін барлық заттарды алды
Қаланың Затон бөлімінің аумағында белгісіз автоұрының пайда болғандығы туралы күдік, полицейлердің кезекші бөліміне қаңтар айының ортасынан бастап қалалықтардан арыздардың жиі келіп түсуінен кейін пайда болды, деп хабарлайды Устинка LIVE тілшісі.
Көлік салондарынан барсеткалар, антирадар, құжаттары бар портмоне және басқа да құнды заттар жоғалып кетті.
Қаскүнемді ұстау үшін Семей қаласы полиция басқармасының қызметкерлері криминалдық полиция қызметкерлері мен учаскелік инспекторлардан тұратын арнайы топ құрды. Арнайы операция кезінде тәртіп сақшылары кәмелетке толмаған адамды қолға түсірді.
- Барлық жағдайды анықтау үшін жасөспірім полиция бөліміне жеткізілді. Кәмелетке толмаған қаскүнем өзінің кінәсін толық мойындады. Қазіргі уақытта оның атына алты ұрлық ілулі, келтірілген материалдық шығын 200 мың теңгені құрады. Айғақты заттар тәркіленді, - деп түсіндірді ШҚО Полиция департаменті.
Барлық фактілер ҚР ҚК 188-бабы "Ұрлық" бойынша сотқа дейінгі тергеудің бірыңғай тізілімінде тіркелген. Полиция қызметкерлері сотқа дейінгі тергеу жүргізіп, күдіктінің бұған дейін қалада жасалған басқа да қылмыстарға қатыстылығын тексереді.