Өскемен
пасмурно
+6°
  • Өскемен
    +6°
  • Алматы
    +15°
  • Астана
    +10°
  • Ақтөбе
    +17°
  • Актау
    +20°
  • Орал
    +17°
  • Қарағанды
    +7°
  • Көкшетау
    +11°
  • Қостанай
    +13°
  • Қызылорда
    +18°
  • Павлодар
    +6°
  • Петропавловск
    +9°
  • Тараз
    +16°
  • Туркестан
    +13°
  • Шымкент
    +19°
$
442.05
474.14
¥
61.07
4.74
ҚР Ұлттық банк курстары

Егер бір оқиғаның куәсі болсаңыз, құқығыңыз бұзылса немесе қандайда бір мәселені көтергіңіз келсе, бізге хабарласыңыз

Өскемен мен ШҚО Өскемен мен ШҚО
Ақпарат көзі:
Алдаспан

Халыққа қармақ беру керек...

2019 жылы Өскемен қаласындағы әлеуметтік жағдайы төмен және көпбалалы отбасыларға 1 миллиард теңгеге жуық қаржылай көмек көрсетілген

Алайда енді ондай көлемде көмек берілмейді. Өйткені үкіметтің экономикалық жағдайы көтермейді екен.

- Қазақта "Балық берме, қармақ бер" деген мақал бар. Сондықтан әлеуметтік жағдайы төмен тұрғындарға балық бере бермейміз. Оны ешқандай елдің экономикасы көтере алмайды. Мейлі, АҚШ, Жапония, Қытай, Түркия болса да, - деді Өскемен қаласының әкімі Жақсылық Омар.

Өскемен қаласының тұрғындарына өткен жылы түрлі бағдарламалар арқылы 425 жалдамалы пәтер берілді. Сонымен қатар, қаладағы көпбалалы отбасыларға мемлекеттен 56 пәтер берілген. Ал 2020 жылдың бірінші жартыжылдығында мұндай отбасыларға 100 пәтер бөлу жоспарланған.

- Біз 22 көпбалалы ананы жұмысқа тұрғызып, қызметтік тұрғын үй бердік. Барлық жанұяның тұрмысымен жете таныстым. Арасында моншада тұрып жатқандар да болды, - деді қала әкімі.

Шаһар басшысы әлеуметтік жағдайы төмен отбасыларды баспанамен қамтамасыз ету барысында кәсіпкерлердің де көмегі көп тигенін айтты. Қазіргі таңда Өскеменде 343 көпбалалы отбасы баспана кезегінде тұр екен. Бұл цифр арта түспесе, кемімесі анық. Өйткені қазіргі таңда Өскемен қаласында 345 мың 963 адам тұрады екен. 2019 жылдан бері адам саны 2184 адамға көбейіпті.

Следующая →
Тақырыптар: Өскемен Әлеумет Көмек