Өскемен
пасмурно
+4°
  • Өскемен
    +4°
  • Алматы
    +6°
  • Астана
    -3°
  • Ақтөбе
    -3°
  • Актау
    +9°
  • Орал
    +5°
  • Қарағанды
    -4°
  • Көкшетау
    -3°
  • Қостанай
    -5°
  • Қызылорда
    +4°
  • Павлодар
    -2°
  • Петропавловск
    -3°
  • Тараз
    +4°
  • Туркестан
    +3°
  • Шымкент
    +7°
$
494.87
-0.33
520.65
-1.69
¥
68.34
4.91
-0.03
ҚР Ұлттық банк курстары

Егер бір оқиғаның куәсі болсаңыз, құқығыңыз бұзылса немесе қандайда бір мәселені көтергіңіз келсе, бізге хабарласыңыз

Өскемен мен ШҚО Өскемен мен ШҚО Назерке Қайролданова
Ақпарат көзі:
Алдаспан

Қыруар қаржы жолға кете ме, "солға" кете ме?

Биыл жалпыға ортақ пайдаланылатын автомобиль жолдарын жөндеу және күтіп ұстауға 102 млрд теңге бөлінгелі отыр. Бұл былтырғыға қарағанда 48,7 млрд теңгеге көп

Қаржыландырудың көп болу себебін облыстық Жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасының басшысы Нұржан Жұмаділов "Талдықорған-Өскемен", "Қалбатау-Майқапшағай" учаскелерінде қайта жаңарту жұмыстарын 2022 жылы емес, 2021 жылы бітіру тапсырмасына орай деп түсіндіреді.

- Негізгі қаржыны Қытайдың "Эксим банкі" құйып отыр. "Талдықорған-Өскемен" учаскесін қытайлық "Сити" компаниясы және қазақстандық "Каргострой" компаниялары, "Қалбатау-Майқапшағай" учаскесінде 10 лоттың 5-еуін қытайлық "Цин-цин" компаниясы мен қазақстандық "Каргострой" компаниясы қолға алған. Осы екі учаске 2021 жылы толығымен аяқталады деп көзделіп отыр. Қаржының көбеюі соған байланысты, - деп түсіндірді Нұржан Жұмаділов.

Сонымен қатар, биыл облыстағы 480 шақырым жолдар мен көше жөнделетіні белгілі болды. Оның 314 шақырымы аудандық және облыстық маңызы бар жолдар болса, қалғаны қалалар мен ауылдардың көшелерін жөндеуге бағытталады.

Сондай-ақ, ұлы Абайдың 175 жылдық мерейтойы қарсаңында Абай ауданы бойынша біршама жұмыстар атқарылмақ. Абай-Шәкәрім мемориал-ескерткішіне кірме жол, Абайдың туған жері Сыртқасқабұлаққа баратын жол жөнделіп, асфальт төселеді.

Одан өзге, Октябрь өткелі, Өскемен-Самар, Шемонаиха-Большая Речка, Шемонаиха-Усть-Таловка, Семей-Қайнар, Өскемен-Рахман қайнарының 26 шақырымы, Аягөз-Тарбағатай-Боғас автомобиль жолдарының 14 шақырымы, Аягөз-Қарауыл облыстың маңызы бар жолы, Үлкен Нарын-Күршім, Солдатова, Көктерек, Қарағанды-Аягөз-Боғас-Ырғызбай Ата, Омбы-Майқапшағай-Жарсу-Бақасу жолы, Омбы-Майқапшағай-Шілікті-Ақжар жолы, Ойшілік, Манат, Беген ауылына кірме жол жөнделеді.

Сонымен қатар, биыл Марқакөл ауылынан Марқакөл көліне, яғни, Урунхайка ауылына дейін 58 шақырымды асфальттау жұмыстары басталады. Оның құны шамамен 1 млрд теңгеге жуық.

Иә, қара жолға қаржы қомақты бөлінсе де қолдану технологиясы төмен әрі ақша үнемдеуді үрдіске айналдырған мердігерлерден ел әбден мезі болған. Жыртық жолды жамау жыл сайын жалғасады, есесіне жұмыс жасалып жатыр деген сылтау негізге алынады. Сәйкесінше, салықтан түскен мемлекет қорындағы қаржы да ысырап. Осылайша биыл облыста 480 км мен 83 көше тағы жөнделмек.

Следующая →
Тақырыптар: ШҚО Бюджет Жол жөндеу