Өскемен
пасмурно
-7°
  • Өскемен
    -7°
  • Алматы
    -8°
  • Астана
    -12°
  • Ақтөбе
    -8°
  • Актау
    +4°
  • Орал
    -2°
  • Қарағанды
    -14°
  • Көкшетау
    -12°
  • Қостанай
    -9°
  • Қызылорда
    -5°
  • Павлодар
    -16°
  • Петропавловск
    -15°
  • Тараз
    -5°
  • Туркестан
    -4°
  • Шымкент
    -7°
$
523.86
544.34
¥
71.77
5.11
ҚР Ұлттық банк курстары

Егер бір оқиғаның куәсі болсаңыз, құқығыңыз бұзылса немесе қандайда бір мәселені көтергіңіз келсе, бізге хабарласыңыз

Өскемен мен ШҚО Өскемен мен ШҚО Анна Коцарева
Ақпарат көзі:
Устинка

Зайсан ауданында 27 көпбалалы отбасы пәтерге ие болады

Округ әкімі Серік Ақтанов халық алдында 2019 жылы атқарылған жұмыстар туралы баяндама жасады

Кездесу ШҚО әкімі Даниал Ахметовтың қатысуымен өтті, деп хабарлайды Устинка LIVE тілшісі. Бұл ретте мұқтаж тұрғындарға көмек көрсетуге көп көңіл бөлінді.

Өткен жылы атаулы әлеуметтік көмек ретінде 1173 отбасына 658 миллион теңге төленді, оның ішінде 427 көпбалалы отбасы. Әрқайсысы орта есеппен 560 мың теңгеден алды.

- Облыс әкімінің тапсырмасы бойынша ауданның ауылдық елді мекендерінде тұратын 11 көп балалы отбасы "Парыз" қорынан тұрғын үймен қамтамасыз етілді, - деді Серік Ақтанов. - Биылғы жылы Зайсан қаласындағы Бокажанов көшесіндегі 30 пәтерлі тұрғын үй пайдалануға беріледі. Бұл үйде 27 пәтерді көп балалы отбасылар алады.

Сонымен қатар, аймақ басшысы Даниал Ахметов Зайсан ауданын шекаралық аймақ ретінде дамыту қажеттігін атап өтті. Сонымен, аудан ауылдарын газдандыруға 2020 жылы 50 миллион теңге бөлінеді. Атап айтқанда, бұл Шілікті, Тасбастау, Жалши және басқа да ауылдарға қатысты болады.

Даниал Кенжетайұлы Зайсан ауданының дамуына қажетті қаражат бөлуге уәде берді. Алайда, жұртшылық өкілдері жергілікті әкімдіктермен бірлесе отырып, ақша қалай жұмсалып, жұмыстар қалай алға жылжииындығына тұрақты мониторинг жүргізуі тиіс.

- Бұл сапасыз құрылыс, жөндеу және басқа да жұмыстар болмауы үшін қажет, - деп атап өтті Даниал Ахметов.

Сондай-ақ, кездесуде Зайсан қаласының тұрғындары аудан әкімі мен облыс басшысына өз мәселелерімен жүгінді. Олар негізінен ауыл шаруашылығын жүргізуге, әлеуметтік қамтамасыз етуге, жолдарды жөндеуге, елді мекендерді абаттандыруға жеңілдетілген несие алуға қатысты. Өңір басшысы алдағы уақытта барлық мәселелерді шешуді тапсырды.

Следующая →