Өскемен
облачно
+13°
  • Өскемен
    +13°
  • Алматы
    +15°
  • Астана
    +1°
  • Ақтөбе
    -3°
  • Актау
    +10°
  • Орал
    +5°
  • Қарағанды
    +3°
  • Көкшетау
    -3°
  • Қостанай
    -4°
  • Қызылорда
    +8°
  • Павлодар
    +3°
  • Петропавловск
    -3°
  • Тараз
    +18°
  • Туркестан
    +1°
  • Шымкент
    +17°
$
489.36
+1.25
533.45
+3.36
¥
68.97
+0.45
4.99
-0.02
ҚР Ұлттық банк курстары

Егер бір оқиғаның куәсі болсаңыз, құқығыңыз бұзылса немесе қандайда бір мәселені көтергіңіз келсе, бізге хабарласыңыз

Өскемен мен ШҚО Өскемен мен ШҚО
Ақпарат көзі:
Алдаспан

Барлығы 130 мың адам, олар қайда?

Соңғы алты жылда ШҚО бойынша 130 мың адам қазақ тілін үйренген. Бұл мәліметті облыстық Тілдерді дамыту басқармасының басшысы Роза Төлемісова айтты

Бұл цифрды естіген аймақ басшысы "Барлығы 130 мың адам дедіңіз, олар қайда?

Бұлардың ішіндегі өзге ұлт өкілдерінің үлес салмағы қанша?" деген сұрақ қойды. Басқарма басшысының "қызмет барысында қолдануда" деген жауабына облыс әкімі қанағаттанбады.

Облыстық Тілдерді дамыту басқармасының мәліметі бойынша Шығыс Қазақстандағы ересек тұрғындардың 5,5 пайызы ағылшын тілін меңгерген. Арнайы мамандар жүргізген әлеуметтік-лингвистикалық зерттеудің нәтижесіне сәйкес, облыс көлемінде 18 мың адам ағылшын тілін толық біледі екен. Ал қазақ тілді тұрғындардың үлес салмағы 83 пайыз болса, орыс тілінде сөйлейтіндер 90 пайызға тең екен. Бұл пайыздық көрсеткіштер мемлекеттік тіл тұрғысынан атқарылған істердің пайдалы жағы аз, тиімсіз тұсы көп екендігін аңғартатындай. Алайда отыз жыл бойы жалғасқан іс нәтижесіне қарамастан жалғаса түспек.

- Мемлекеттік тілдің мәртебесін арттыруға байланысты жұмыстар алдағы уақытта қарқынды түрде жалғаса береді, - деді аталмыш басқарма басшысы Роза Әшімханқызы.

Сондай-ақ, тіл саясатын жүзеге асыру мақсатында көптеген іс-шаралар атқарылып жатқандығы айтылды. Алайда билік тарапы қазақ тіліне қажеттілік тудырмаса, істелген іс-шараның барлығы зая кететін сияқты. Облыс әкімінің соңғы сұрағы осы ойды аңғартты.

Следующая →