Полицейлер Өскемен тұрғынынан марихуананың ірі партиясын тапты
Ер адам өзінің пәтерінде бір килограмнан астам есірткі жасырған
Бұл фактіні ШҚО ПД есірткі қылмысына қарсы күрес басқармасының қызметкерлері қылмыстық іс бойынша жедел-іздестіру іс-шараларын жүргізу кезінде анықтады, деп хабарлайды Устинка LIVE тілшісі.
Тінту кезінде 35 жастағы облыс орталығының тұрғынынан полицейлер есірткі затына ұқсас зат салынған пакетті тауып, тәркіледі.
- Сараптама қорытындысына сәйкес, тәркіленген зат жалпы салмағы бір келіден асатын "кептірілген марихуана" есірткі құралы болып табылады, - деп хабарлады ШҚО полиция департаментінің баспасөз қызметі.
Ер адамды құрықтады. Қазір полиция ҚР Қылмыстық кодексінің 296-бабы "Аса ірі мөлшерде есірткіні заңсыз сақтау" бойынша сотқа дейінгі тергеу жүргізуде. Күдікті үш жылдан жеті жылға дейін бас бостандығынан айырылуы мүмкін.