ШҚО-да 60-тан астам жүргізуші полицейлерден ескерту алды
ШҚО-да 60-тан астам жүргізуші полицейден өз ұмытшақтығы үшін ескерту алды
Мұндай шара автомобильді басқару кезінде әр түрлі себептермен жүргізуші куәлігі болмаған автокөлік иелеріне қолданылған.
Әкімшілік заңнамадағы жаңашылдық туралы полицейлер "Жолдағы қабылдау" акциясы кезінде азаматтарға әңгімелеп берді, деп хабарлайды Устинка LIVE тілшісі.
Әкімшілік полиция басқармасы бастығының орынбасары Еркін Әнуарбеков хабарлағандай, енді өзімен бірге жүргізуші куәлігі немесе жүргізуші, тіркеу және заңнамада белгіленген өзге де құжаттардың орнына берілген уақытша куәлігі жоқ жүргізушілерге көлік құралын басқару үшін "Ескерту" түріндегі жаңа шара енгізілді.
- Заңнама тек күшейтіп қана қоймай, сонымен қатар алдын алу сияқты баламалы жазалау шараларын енгізді, - деп атап өтті полковник.
ШҚО полиция департаменті баспасөз қызметінің мәліметтері бойынша, жаңа енгізілімдер күшіне енген сәттен бастап тәртіп сақшылары осындай 66 жүргізушіні "Ескертті".