Әкімшілік айыппұлдың болуы туралы хабарламаны енді SMS арқылы алуға болады
Бұл туралы ШҚО полиция департаментінің қызметкерлері "жолдағы қабылдау" акциясын өткізу кезінде азаматтарға хабарлайды
Адамдарды әкімшілік құқық бұзушылық туралы заңнамаға өзгерістер мен толықтырулар енгізу мәселесі қызықтырады, деп хабарлайды Устинка LIVE тілшісі.
- Жаңа толықтыруларға сәйкес айыппұл төлеу қажеттілігі туралы ұйғарым ұялы байланыстың абоненттік нөміріне мәтіндік хабарлама жіберілген жағдайда тиісті түрде жеткізілген деп танылады, - деп атап өтті Әкімшілік полиция басқармасының бастығы Ернар Базаров.
Полиция қызметкері ұйғарым көлік құралының иесі электрондық үкіметтің веб-порталында немесе құқықтық статистика және арнайы есепке алу саласындағы уәкілетті органның ақпараттық сервисінде көрсеткен абоненттік нөмірге бағытталатынын айтты.
SMS жолдағаннан кейін азамат жеті тәулік ішінде көрсетілген айыппұл сомасының 50 пайызын төлей алады.