Күршімдегі балықшыдан 300 келі балық тәркіленді
Күршімдік азаматтың заңсыз жолмен аулаған балығы "Браконьер" жедел алдын алу шарасы кезінде тәркіленді
9 қаңтар күні сағат 5.00 шамасында Қалжыр – Күршім тас жолында полиция қызметкерлері Toyota Carina маркалы көлігін тоқтатқан. 28 жастағы күршімдік азамат басқарған.
Тексеріс кезінде жұмыссыз ер адам ешқандай рұқсат қағазынсыз түрлі балық түрін әкетіп бара жатқаны анықталды. Шетел көлігінің жүк салығышынан тәртіп сақшылары 226 келі нәлім, 10 келі қарабалық, 3 келі шортан мен 27 келі ақтабан балығын тәркіледі. Мемлекетке келтірілген шығын 815 182 теңге.
- Тұтқын балықты Күршім ауданынданы Шеңгелді ауылы маңындағы Зайсан көлінен аулағанын айтты, - деп мәлімдеді ШҚО Полиция департаментінің баспасөз қызметі.
Осы фактіге байланысты ҚР ҚК 335-бабы 1-бөлігі бойынга сотқа дейінгі тергеу басталды. Енді ол 160 АЕК көлемінде айыппұл төлеуі мүмкін немесе 160 сағатқа дейін түзету жұмыстарына тартылады не 40 тәулікке қамауға алынады.