Өскеменде ашық люктердің болуы тексеріледі
ШҚО ТЖ департаменті NurOtan партиясы жанындағы Jas Otan ШҚОФ бірлесіп "Қауіпсіз қала" атты акция-рейд өткізуде
Акция "Бақытты отбасы" жол картасы аясында өтуде, деп хабарлайды Устинка LIVE тілшісі.
Өскемен қаласы ТЖБ баспасөз қызметінің ақпараты бойынша, инспекцияларды Семей қаласының Птичник, Восточный, Дальний, Затон кенттерінде және Өскеменнің шеткі жерлерінде жүргізе бастады. Акция басқа аудандарда да жалғасады.
Өз қаласының немесе кентінің көшелерінде ашық люкті байқаған шығысқазақстандықтар немесе үйде газ ағып кету датчигі бұзылған адамдар әлеуметтік желілердегі құтқарушыларға аталған мәселе туралы хабарлай алады.