Өскеменде ер адам полицейлерге питбультерьерді айтақтаған
Оқиға өткен жылдың қазан айында орын алған, жақында сот осы іс бойынша шешім шығарды
Анықталғандай, полиция қызметкерлері қалалық аулалардың біріне отбасылық жанжал бойынша шақыртумен келген, деп хабарлайды Устинка LIVE тілшісі.
Ер адам өз әйелін ұрған, ал әйел адам соққыға шыдамай полицияға хабар берген. Екі учаскелік инспектор жанұяның басшысын тыныштандыруға тырысқан кезде, ол өз итін ұстап қашып кетеді.
Үй иесінің артынан полиция қызметкерлері қуған кезде ол иттің тұмылдырығын босатып, итті оның артынан жүгіріп келе жатқан полиция қызметкерлеріне беттеген. Ит бірден бір күзетшінің аяғына тап беріп, оны тістеп алды. Итті тек жәбірленушінің өзі сүйреп алып кеткен.
Осы уақытта иттің иесі қашып кетуге тырысты, бірақ оны тәртіп сақшылары ұстады.
- Сот ер адамды кінәлі деп тауып, оған бір жыл бас бостандығынан айыру түріндегі жазасын тағайындады, - деп хабарлайды Өскемен қаласы ПБ баспасөз қызметі.
Сондай-ақ, ер адамға енді зардап шеккен полицейге моральдық зиян үшін ақшалай өтемақы төлеуге тура келеді.