"Танцы" шоуының жұлдыздары Риддерде өнер көрсетеді
Дмитрий Щебет пен Юлиана Бухольц қайырымдылық кеш өткізіп, жиналған қаржыны церебралды сал дертіне шалдыққан балалардың еміне бермек
Концерт 17 қаңтар күні Мәдениет үйінде сағат 18.00-де басталады. Кешті "Твои, Мои, Наши" қоғамдық бірлестігі ұйымдастырады. Бұл бірлестік ерекше бала асырап отырған отбасыларды қолдаумен айналысады.
- Концертке қарапайым билетпен емес, қайырымдылық жарна арқылы кіргізіледі, - деп атап өтті ұйымдастырушылар. - Қайырымдылық сомасы шектеулі емес, бірақ алғашқы жарна үш мыңнан басталады. Жиналған қаржы Ева мен Элина Абдрашитовтардың еміне жұмсалады.
Ақшаны қыздардың анасы Анастасия Владимировна Абдрашитованың атына ашылған есепшоттарға да лақтыруға болады:
Kaspi Gold: 5169 4931 4306 1897;
Forte Bank: 4042 4289 0889 3212;
Qiwi кошелек: 8-777-709-2913.
Қаржының аударылғанын растайтын түбіртекті Мәдениет сарайындағы касса қызметкеріне көрсетіп, өз билетіңізді аласыз.