Шемонаихалықтар белсенді түрде қар тазалап жатыр
Ауданның коммуналдық қызметтері мереке күндері де қаланы қалың қардан тазарту жұмыстарын тоқтатқан жоқ
Өткен жылдың соңғы айы қарлы болды. Қалың жауған қарды тазартқан көліктер оны үйіп кетіп отырғандықтан көп ауданда жаяу жүргіншілер қозғалысы үшін қиындық туындады.
Ал Шемонаихадағы коммуналды қызметтер бұл күндері өз жұмысын тыңғылықты тындырды. Жұмысты 1 қаңтардан-ақ бастап кеткен. Осылайша жедел жәрдем, өрт сөндіру, жылу және энергиямен жабдықтау қызметтерінің жұмысына кедергі келмеді.
Келесі мереке күндері жолды тазарту жұмыстарына жеке кәсіпкерлердің техникалары да тартылды: фронталды үш жүк тиегіш пен алты өзі аударғыш жүк көлігі. А. Капорин көшесінен 850 куб метр қар, ал Астафьев көшесінен 750 куб метр қар шығарылды.
5-6 қаңтар күндері қар тазарту жұмыстарына барлығы 9 техника жұмылдырылды.
- "ШемТазалык" ЖШС мердігер ұйым қызметкерлері мен қалалық әкімдік қызметкерлері бақылау жүргізіп отыр. Осы бағыттағы жұмыстары әлі де жалғасуда, - дейді Шемониаха қаласының әкімі Мұрат Желдібаев. - Алыстағы көшелер мен қиылыстардың барлығы тазартылып біткен жоқ. Жақын күндері онда екі фронталды жүк тиегіш көлік жіберіледі.