Өскемен
малооблачно
+11°
  • Өскемен
    +11°
  • Алматы
    +17°
  • Астана
    +8°
  • Ақтөбе
    +14°
  • Актау
    +20°
  • Орал
    +18°
  • Қарағанды
    +14°
  • Көкшетау
    +7°
  • Қостанай
    +11°
  • Қызылорда
    +23°
  • Павлодар
    +9°
  • Петропавловск
    +6°
  • Тараз
    +17°
  • Туркестан
    +10°
  • Шымкент
    +19°
$
443.37
+1.32
474.49
+0.35
¥
61.24
+0.17
4.83
+0.09
ҚР Ұлттық банк курстары

Егер бір оқиғаның куәсі болсаңыз, құқығыңыз бұзылса немесе қандайда бір мәселені көтергіңіз келсе, бізге хабарласыңыз

Өскемен мен ШҚО Өскемен мен ШҚО Татьяна Золотарева
Ақпарат көзі:
Устинка

Облыстық аурухана жаңа тамақтандыру жүйесіне ауысады

Енді науқастарға жеке таңғы, түскі және кешкі ас ұшақтағыдай арнайы бокстарға салынып беріледі

Яғни, аурухананың стационарында таблет-тамақтандыру жүйесі енгізілді. Бұл еуропалық стандарт өңірде бірінші болып Шығыс Қазақстан облыстық ауруханасында пайда болды. Жаңа жылдан бастап кардиологиялық бөлімдегі әр науқасқа тамақ порциялық тағамдарға арналған табақтарда беріліп жүр. Табақтар арнайы бокстарға орналастырылып, палатаға таратылады.

- Бұл тамақтандыру жүйесі дайын тағамдарды мөлшері, температурасы, диеталық талаптары бойынша стандарттар мен нормалар сақтай отырып ұсынуға мүмкіндік береді. Әрбір науқастың жеке рационы есепке алынады, - дейді облыстық аурухананың бас дәрігерінің орынбасары Борис Галич.

Дәрігердің айтуынша, науқастар буфеттен емес, өз палатасында тамақтанатындықтан бір-бірінен инфекция жұқтыру қаупін төмендетеді.

Науқастар да жаңашылдыққа жақсы көзқарас танытып отыр.

- Бұл емханаға бірінші рет жүгініп отырған жоқпын, - дейді науқастардың бірі Тұрархан Асылханов. - Тамақтандырудың бұл әдісі таңқалдырды. Екінші тамақ суып қалады деп қорқып, біріншіні асығып ішудің қажеті жоқ енді. Қандай да себеппен тамақтануға үлгермей жатсаң, суып қалады деп қорықпауға болады. Ыдыс жылуды сақтап тұрады.

Аурухана басшылығы бір айдан кейін тамақтандырудың бұл форматын барлық бөлімшелерде қолданбақ.

Следующая →