Өскемен
ясно
-10°
  • Өскемен
    -10°
  • Алматы
    +3°
  • Астана
    -7°
  • Ақтөбе
    -4°
  • Актау
    +10°
  • Орал
    +3°
  • Қарағанды
    -5°
  • Көкшетау
    -8°
  • Қостанай
    -8°
  • Қызылорда
    +3°
  • Павлодар
    -10°
  • Петропавловск
    -10°
  • Тараз
    +4°
  • Туркестан
    -5°
  • Шымкент
    +10°
$
498.55
+0.04
524.28
+1.44
¥
68.76
-0.05
4.75
-0.06
ҚР Ұлттық банк курстары

Егер бір оқиғаның куәсі болсаңыз, құқығыңыз бұзылса немесе қандайда бір мәселені көтергіңіз келсе, бізге хабарласыңыз

Өскемен мен ШҚО Өскемен мен ШҚО
Ақпарат көзі:
Алдаспан

Әр қазақ - менің жалғызым

Өскемен қаласының тұрғыны, екі баланың анасы және құрсағында болашақ сәбиін көтеріп жүрген Айгүл Сыдыканова көмекке мұқтаж

Қараша айынан бастап Айгүл жөтеліп, әлсіреп, шаршап, дене температурасы көтеріліп мазасы қашқан. Сонымен қатар, алақаны қышып, қызыл бөртпелер пайда болған.

- Әбден мазасы қашқан соң учаскелік дәрігерге қаралған, дәрігер оны стационарлық ем қабылдауға жіберген, - дейді Айгүлдің әпкесі Гүлнұр. - "Тонзилит" диагнозы бойынша тексерістен өткеннен кейін жүктілігіне 20 апта болған уақытта инфекциялық ауруханаға жатқызды. Тиісті ем шараларын белгілегенімен, ем қонбай, жағдайы керісінше нашарлай берді. Дене температурасы 37,5 градус болып, тыныс алуы қиындап, түнімен ұйқысы қашып, беті мен денесінде қызыл дақтар пайда бола бастады. Бастапқыда ауруханаға жатқан уақытта барлық талдама нәтижелері қалыпты еді. Бірақ қайта қан алғанда, талдамасынан өзгеріс байқалған. Түгелдей диагностикадан өткен соң, жіті Т-лимфопласты лейкоз/Лимфома Т-2 (қан обыры) диагнозын қойды. Бізге шетелдік дәрігерлер көмектесе алатынын айтты, бірақ қыруар қаражат қажет. - Қазіргі жағдайы: үзіліссіз екі рет химиялық терапияны қабылдады. Енді бес күн демалады. Бірақ дене температурасы бар. Дәрігерлер химиялық терапиядан кейін иммунитеті түсіп кететіндігін, қызуы көтерілетіндігін айтады. Енді ремиссияға өтуі керек. Яғни, химиялық терапиядан кейін, обыр жасушалары жойылып, сауыға бастауы керек. Осыдан кейін ғана жілік майын ауыстыру отасына барамыз.

Елімізде жілік майын ауыстыру отасы елордада жасалған, бірақ тәжірибе аз. Сол үшін де отаны тәжірибесі мол, талай жанға өмір сыйлаған шетелдік ауруханада жасатуды жөн деп тапқан. Бұл салада Израиль, Корея ауруханалары көш бастап тұрғаны белгілі, бірақ бағасын қалта көтермейді. Сол үшін де Айгүлді осы екі елмен иық тірестіріп келе жатқан Түркияның Ыстамбұл қаласындағы "Медиполь мега" халықаралық университеттік клиникасына жібермек. Онда ота бағасы 70 000 - 105 000 доллар аралығында.

- Түркияның бұл емханасында ота бағасы салыстырмалы түрде төмен және соманы үш айға бөліп төлеуге мүмкіндік қарастырылған екен, - дейді Гүлнұр. -  Ем қабылдап келгендерден дәрігерлері де білікті дегенді естіп жатырмыз. Егер туысының жілік майы Айгүлге келетін болса, ота бағасы 70-80 000 доллар болады. Ал егер туыстарының жілік майы келмесе, басқа донордікін қолданады. Онда, сәйкесінше, көбірек сома керек болады. Өз күшімізбен осындай қомақты қаржыны жинай алмаймыз. Сол үшін де қайырымды жандардан көмек сұраймыз. Әлеуметтік желіде парақша ашып, халықтан көмек сұрап жатырмыз. Өзгенің қайғысына бейқам қарамайтын мейірімді жандар табылып, қаржылай да, ақпараттандыру жағынан да көмек көрсетіп жатыр. Барлығына Алла разы болсын!

Қаламыздың өнерпаздарының бастамасымен "Аялы алақан" қайырымдылық концерті өткен. Концерттен жиналған 230 000 теңге де Айгүлге көмек ретінде табысталды. Сонымен Гүлнұрдың айтуынша, қазір барлығы 6 млн теңгеден астам сома жиналды.

P/S: Ем-домға қажетті жалпы сома 31-41 млн теңге шамасында. Айгүлдің үйінде жолдасы мен екі бүлдіршіні, қанша туған туысы күтіп отыр. "Көп түкірсе - көл" дегендей, әрқайсымыз тамшыдай болсын үлесімізді қоссақ, нәтиже шығары анық. Қаракөзіміздің дертінен сауығып, жанұясымен аман-есен қауышып, бөбегін бауырына алуы үшін қалың қазақ дұғада болып, қолымыздан келгенше көмегімізді аямайық.

Следующая →