Өскеменде аялдаманың жанында бойжеткенді қағып кетті
Оқиға кеше, 30 желтоқсанда, сағат 17.00-де Абай даңғылы, 16 мекенжайында орын алған
Өскемен қалалық полиция басқармасының ақпараты бойынша, қыз аялдамада трамвайды күтіп тұрған және көліктің келе жатқанын көруге шыққан, деп хабарлайды Устинка LIVE тілшісі.
Осы кезде Porsche көлігінің 56 жастағы жүргізушісі Абай даңғылы, 16 мекенжайы бойынша үйге келген. Жолға шыққан жаяу жүргіншіні байқап, оны қағып кетпеу үшін тізгінді оңға қарай бұрған, бірақ бойжеткен кенеттен бұрылып, көліктің астына түскен.
Ер адам зардап шеккенді облыстық мамандандырылған медициналық орталыққа дереу апарып, полиция қызметкерлеріне оқиға туралы хабарлады. Қуанышқа орай, қыз тек жеңіл соққылар алды.- Бойжеткен оқиға туралы өтініш жазудан бас тартты, - деді Өскемен қаласының ПБ-де. - ЖКО фактісі бойынша жүргізушіге қатысты ҚР ӘҚБтК 610-бабы "Көлік құралдары жүргізушілерінің жол қозғалысы ережелерін бұзуы, көлік құралдарының, жүктердің, жолдардың, жол және басқа да құрылыстардың немесе өзге де мүліктің бүлінуіне әкеп соққан материалдық залал келтіру" бойынша хаттама ресімделді.