Жедел жәрдем дәрігерлері 2020 жылы бейнекамералармен жабдықталады
ШҚО жедел жәрдем стансасында шақыруларды бейнетіркеу қажеттігін растады
Полиция қызметкерлері сияқты жедел жәрдем дәрігерлеріне арналған мобильдік камералар пайда болады. ҚР Денсаулық сақтау министрі Елжан Біртанов бұл жаңалық үшін барлық құжаттар 2020 жылдың алғашқы үш айында дайындалатынын айтты, деп хабарлайды Устинка LIVE тілшісі.
Денсаулық сақтау министрінің айтуынша, бақылау камералары жедел жәрдем көлігінің ішінде орнатылған және олармен жедел жәрдем дәрігерлерін қамтамасыз ету қажеттілігі туындады.
- Шұғыл көмекке байланысты әрбір жағдай стресстік жағдай. Пациент және оның туыстары үшін де, жедел жәрдем дәрігеріне де, - деді Елжан Біртанов. - Сіздер көптеген шағымдарды, наразылықтарды, қақтығыстарды көріп отырсыздар, мұның бәрін құқықтық тұрғыда қарау керек және бейнетіркеу болуы керек. Біз қазір киім жиынтығына бейнекамераны қосу мүмкіндігін қарастырудамыз, себебі жедел жәрдем дәрігерлері үйде, пәтерде негізгі көмек көрсетеді. Сондықтан, полиция қызметкерлері сияқты жедел жәрдем қызметкерлеріне арналған мобильдік камералар болуы тиіс. Мен оны стандартқа енгізуден сұрадым, уақытты созбай. Бұның барлығы науқастар үшін.
ШҚО жедел шұғыл медициналық жәрдем станциясы бас дәрігерінің орынбасары Гүлнар Текілманованың пікірінше, жаңа енгізілімнің қажеттілігі бұрыннан бері пісіп-жетіліп келеді. Жедел жәрдем дәрігерлеріне жиі шабуыл жасалып, олардың атына айып тағылады. Бейнетіркеу мұндай жағдайларда кімнің шын, ал кім кінәлі екенін дәлелдеуге көмектеседі.
- Біз дәрігерлердің жергілікті жерде қалай жұмыс істейтінін біле алмаймыз, ал бейнежазба осының бәрін бақылауға мүмкіндік береді, - дейді Гүлнар Текілманова. - Егер полицейлерде ұялы бейнекамералар болса, неге дәрігерлерге оларды бермейді? Егер бригада кінәлі болса және қақтығысты тудырса, онда бұл насқастың кінәсі сияқты дәлелдей алады, ол, бәлкім, барабар емес жағдайда болған - мұндай шақырулар да болады. Бізге өзін-өзі қорғауға үйретпейді - біз ақ халаттағы адамдармыз. Біз өзімізді қорғай алмаймыз. Бұл шара - қажеттілік.
Бейне жабдықтарымен жабдықталған жаңа жедел жәрдем автомобильдері ШҚО жедел шұғыл медициналық жәрдем стансасында пайда болуы тиіс, бірақ әзірге оларды қашан жеткізетіндігі белгісіз.