ШҚО-дағы әскери қызметкер 1600 литр жанармай ұрлаған
Семей гарнизонының әскери соты жанар-жағармай материалдары қызметінің басшысына қатысты қылмыстық істі қарады
Ол өзінің қызметін асыра пайдаланған.
Оқиға ағымдағы жылдың 29 шілдесінде орын алған. Әскери бөлімнен 1600 литр жаздық дизельдік жоғалып кеткен. Күдікті бөлім аумағынан шығарған жанармайды көршісіне сатып жіберген. Шығын 275 528 теңге.
- Семей гарнизонының әскери сотының қаулысы бойынша, бөлім басшысы қылмыс жасағаны үшін кінәлі деп танылып, оған 2 млн 755 мың теңге айыппұл тағылды. Мүлкі тәркіленбейді, - деп мәлімдеді сот баспасөз қызметі.
Күдікті капитан шенінен айырылып, мемлекеттік қызмет атқарудан өмір бойына шектелді. Қаулы әлі заңды күшіне енген жоқ.