Өскемен
ясно
+9°
  • Өскемен
    +9°
  • Алматы
    +10°
  • Астана
    +13°
  • Ақтөбе
    +19°
  • Актау
    +22°
  • Орал
    +21°
  • Қарағанды
    +9°
  • Көкшетау
    +14°
  • Қостанай
    +16°
  • Қызылорда
    +17°
  • Павлодар
    +11°
  • Петропавловск
    +15°
  • Тараз
    +8°
  • Туркестан
    +22°
  • Шымкент
    +11°
$
443.35
475.54
¥
61.18
4.82
ҚР Ұлттық банк курстары

Егер бір оқиғаның куәсі болсаңыз, құқығыңыз бұзылса немесе қандайда бір мәселені көтергіңіз келсе, бізге хабарласыңыз

Өскемен мен ШҚО Өскемен мен ШҚО Алексей Сафонов
Ақпарат көзі:
Устинка

Шығыс Қазақстан "ANTIKOR ORTALYGY" ашылды

"ANTIKOR ORTALYGY" жаңа қызмет көрсету орталығының салтанатты ашылу рәсіміне ҚР Жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің төрағасы мен ШҚО әкімінің бірінші орынбасары қатысты

Жаңа алаңның жұмысын қонақтарға ҚР Жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің ШҚО бойынша департаментінің Ерлан Жалмағамбет пен оның орынбасары Жігер Байділдин таныстырды.

"ANTIKOR ORTALYGY" бірінші қабатында "Шығыс — адалдық алаңы" жобасының фронт-кеңсесі ашылды. Онда "Protecting bussiness and Investments" кабинеті жұмыс істейді. Оған келушілерге заңгерлік кеңестер беріледі. Сондай-ақ мұнда кез келген адам қажетті құжаттарын онлайн режимде ала алады.

Екінші қабатта "open space" форматындағы кеңсе орналасқан. Сонымен қатар бұл қабатта баспасөз мәслихатын өткізетін орталық бар. Осы орайда open space пен фронт кеңсенің басты мақсаты — жемқорлықтың алдын алу екенін айта кеткен орынды. Аталмыш орталықта азаматтардың өтініштері мен мемлекеттік органдарға заңды жүгінуі қабылданады.

- Сервистік орталықтың басты міндеті тұрғындармен кері байланыста кедергісіз жұмыс істеу. Департамент пен жергілікті атқарушы органдардың қолдауымен облыс тұрғындары өздерін толғандырып жүрген сауалдардың жауабын ала алады. Сервистік орталық Өскемендегі Лихарева 2 мекенжайында орналасқан. Жұмыс күндері сағат 09.00-ден кешкі 19.00-ге дейін біздің мамандар қызмет көрсетеді, - деді Ерлан Жалмағамбет.



Следующая →