Өрт тағы бір өскемендіктің өмірін жалмады
Кеше Добролюбова көшесіндегі ашық алаңда жатқан қоқыс өртенген. Куәгерлер бірден 101 қызметіне хабар берді
Өскемен қалалық ТЖБ хабарлағандай, оқиға орнына жеткен өрт сөндірушілер ер адамның мәйітін тапқан. Алдын ала болжам бойынша, тұрғылықты мекенжайы жоқ азамат болуы мүмкін. Қазір оның кім екені анықталу үстінде.
Өрттің шығуына отты пайдаланудағы салғырттық себеп болуы мүмкін. Құтқарушылардың мәлімдеуінше, ауа райының қолайсыздығы оттың тұтанып, арты өртке ұоасуына соқтырады.
- Тұрғылықты мекенжайы жоқ азаматтар көпқабатты үйлер, шаруашылық нысандары, жылу жолына жылынуға кіріп алау жағады, қарапайым қауіпсіздік ережелерін сақтамай, от құрсауында қалады, - деп атап өтті Өскемен қалалық ТЖБ баспасөз қызметі.