Психологтар жазасын өтеушілерге өмірлік қиын жағдайлармен күресуге көмектеседі
ШҚО бойынша ҚАЖД Солжағалау аудандық пробация қызметінің психологы М. Кабибиева есепте тұрған сотталғандармен тренингтік жаттығулар өткізді
Бұндай шаралар тіркеудегі тұлғалар үшін өмірлік қиын жағдайлар туындап қалған жағдайда, мәселелердің тиімді әрі оптималды шешімін табуға септігін тигізе алады.
Мысалы, жақын адамдарының ауыр сырқаты немесе бақилық болуы, отбасылық жанжалдар туындаған сәттерде және тағы да басқа жағдайлар барысында жәрдем бола алады.