Өскемен – Алтай тас жолындағы апатта адам өлгені - жалған
Бүгін тұрғындар арасында WhatApp мессенджері арқылы адам шошырлық апат орын алғаны туралы сурет тараған
Суретте күйіп қалған адамдар бар (этикалық талаптарға сай суреттерді жариялай алмаймыз). Лезде тараған ақпарат бойынша, апат облыстағы тас жолдардың бірінің бойында орын алған.
Осыған байланысты облыстық Полиция департаментінен ресми жауап алдық.
- Бұл ақпарат жалған, облыста ондай апат орын алған жоқ. Бұл біреудің қалжыңы болса керек, - деп жауап берді мекеменің баспасөз қызметі.
Осы орайда қала сыртына сапарға шығуға ниетті адамдарға қауіпсіздік ережелерін сақтап жүруді ескертеміз.