Солжағалаудағы музей-қорық кешенінде енді мұз айдыны бар
15 желтоқсан күні этнографиялық паркте салтанатты түрде қысқы маусым ашылды
Ашылу салтанатында Шығыс Қазақстан облыстық мәнерлеп сырғанау федерациясының мүшелері "Аяз атаның көмекшілері" бағдарламасымен өнер көрсетті.
Бұл күні қала әкімі Жақсылық Омар да тұрғындарды мерекемен құттықтады.
- Шығыс Қазақстан облысындағы қыс көрінісі керемет. Өскемендікі тіптен өзгеше, - деп атап өтті қала басшысы. - Балалардың бақытты балалық шағын қамтамасыз ету үшін "Самал" паркі, "Алтай" стадионы, Комсомол аралында мұз айдындарын ашып жатырмыз. Биыл бірінші рет музей-қорықта да осындай бастама қолға алынып отыр. Сол үшін басшылығына алғыс білдіремін.