Өскеменде "Алтай" стадионында мұз айдынының салтанатты ашылуы өтті
Қонақтар үшін "Көңілді старт" спорттық-ойын-сауық шарасы өткізілді
Мұз айдынында балалар мен ересектерге арналған мәнерлеп сырғанаудан шеберлік сабақтары өтті, деп хабарлайды Устинка LIVE тілшісі.
Стадион бүгінде жаңа мұз сынағысы келетіндерге толы. Мұнда қала тұрғындары үшін 200 жұп коньки бар, олардың 70 пайызы жаңа маусымға дейін жаңартылды. Буфет және гардероб жұмыс істейді. Мұз айдынына келушілер кафеге кіріп, ыстық шай ішуіне болады.
- Мұз жақсы, - деді қала тұрғыны Арина. - Жалға беру тым қымбат емес. Достарыммен осында барамын.
Конькилерді жалға беру сағатына 500 теңге тұрады, сондай-ақ конькилердің жүздерін қайрау да сондай бағада.
Іс-шара ойын жеңімпаздарын марапаттаумен және "2019-2020 жылғы қысқы маусымның" ашылуымен аяқталды.
"Алтай" стадионындағв мұз айдынының жұмыс кестесі:
Дүйсенбі - сағат 13.00-ден 23.00-ге дейін;
Сейсенбі, сәрсенбі, бейсенбі, жұма – сағат 11.00-ден 23.00-гке дейін.
Сенбі, жексенбі – сағат 10.00-ден 23.00-ге дейін.
Мереке күндері, егер демалыс дүйсенбіге түскен жағдайда – сағат 10.00-ден 23.00-ге дейін
Мұз айдынына кіру тегін.