Шығыс Қазақстанда хабарландыру жүйесін жоспарлы тексеріс жүреді
10 желтоқсан күні сағат 09.00-де теле- және радиоарналарды қамти отырып барлық электродабылдар іске қосылады
Өскемен қалалық ТЖБ қауіп төнген немесе төтенше жағдай орнаған уақытта халық назарын аудару үшін барлық электр дабылдары мен өзге де "Назар аударыңыз" деген дабылды білдіретін дабылдар қосылатындығын еске салады.
Егер сіз жұмыс орнында, қоғамдық орында немесе көшеде жүріп, дабыл дыбысын естісеңіз, дереу 104,0 жиілігіндегі Қазақ радиосын қосыңыз. Үйде естісеңіз, "Хабар", "31 арна", "КТК", "Қазақстан" арналарын қосып, мұқият құлақ салыңыз.
- Ересектер ақпаратты толық сіңіріп, балаларға түсіндіруі керек, - дейді Өскемен қалалық ТЖБ баспасөз қызметі. - Дабыл даусын естіп, алдын ала үрейленудің қажеті жоқ. Жағдайдың мән-жайын тыңдап алу қажет. Көрші-қолаңдарыңызды да хабардар етіңіз.
Тұрғындарды жаттығу дабылына түсіністікпен қарауға шақырады.