ШҚО полициясы қылмыстық істерді тергеу жұмыстарын электронды жүргізеді
Жұмыстың бұндай форматы қылмыстық процестің сотқа дейінгі тергеуден бастап сотқа жіберілгенге дейін ашық болуын қамтамасыз етеді
"Электронды қылмыстық іс" немесе "е-ҚІ" деп аталатын бұл үрдіс енгізілгелі бұрмалау мен құжаттарды алмастыру сынды заңсыз әрекеттер жоқ.
Қазіргі уақытта ШҚО Полиция департаменті мен оның аймақтық бөлімшелері е-ҚІ бойынша 436 жұмыс орнымен қамтамасыз етілген және арнайы құрылғылармен жабдықталған.
Биыл тергеушілер электронды форматтағы 4 мың қылмыстық істі қарап шықты, бұл өткен жылмен салыстырғанда 10 есеге артық.
- Осы жүйе тергеушілерге қателікті азайтуға септігін тигізуде. Тергеу органының басшысы, оның орынбасары, тергеу бөлімшелерінің басшылары осы уақыт режімінде электронды форматта тергеліп жатқан қылмыстық істерге қол жеткізе алады. Сәйкесінше, сот сараптамаларын белгілеу, тергеу істерінің толықтығы мен сапасына бақылау жүргізе алады, қылмыстық істер бойынша қажетті тапсырмалар бере алады, - деп атап өтті ШҚО ПД басшысының орынбасары, полиция подполковнигі Елдос Закимов.