ШҚО-да автомеханик клиенттің машинасын айдап кеткен
Отбасында ер адам "Шевроле" көлігін ТҚС-да қалдырып, темір тұлпарының артынан оралған соң, құны 3 миллион теңге тұратын көлігінің жоғалғандығын анықтаған
Семей қаласының Затон полиция бөліміне 48 жастағы қала тұрғынынан өтініш келіп түсті. Оның айтуынша, ол техникалық қызмет көрсету станцияларының біріне өзінің көлігін жөндеуге апарған. Ер адам өзінің көлігін қайта алып кету үшін барғанда оның көлігі, сондай-ақ ТҚС қызметкерлерінің бірінің жоғалғандығын анықтаған, деп хабарлайды Устинка LIVE тілшісі.
Оқиға орнына жедел-тергеу тобы келіп жетті. Қалалық полиция басқармасының баспасөз қызметі хабарлағандай, тәртіп сақшылары өтініш беруші мен ықтимал куәгерлерге сауалнама жүргізген. Ұрланған автокөліктің белгілері бар бағдар барлық полиция нарядтарына жіберілді.
Нәтижесінде полиция қызметкерлері жедел түрде жоғалып кеткен көлікті тауып, иесіне қайтарып берген. Анықталғандай, шетелдік көлік тізгініне 46 жастағы автомеханик отырған. Алайда ол ТҚС маңайынан алысқа кетіп үлгермеген. Қаскүнем көлік құралын неге айдап кеткені туралы түсіндірген. Ол көлікпен қалада қыдырмақ болған. Аталған факті бойынша қылмыстық іс қозғалды.