Өскемен
пасмурно
+16°
  • Өскемен
    +16°
  • Алматы
    +14°
  • Астана
    +16°
  • Ақтөбе
    +22°
  • Актау
    +20°
  • Орал
    +19°
  • Қарағанды
    +18°
  • Көкшетау
    +11°
  • Қостанай
    +13°
  • Қызылорда
    +21°
  • Павлодар
    +13°
  • Петропавловск
    +8°
  • Тараз
    +14°
  • Туркестан
    +15°
  • Шымкент
    +16°
$
441.44
-1.91
473.09
-2.45
¥
60.96
-0.22
4.75
-0.07
ҚР Ұлттық банк курстары

Егер бір оқиғаның куәсі болсаңыз, құқығыңыз бұзылса немесе қандайда бір мәселені көтергіңіз келсе, бізге хабарласыңыз

Өскемен мен ШҚО Өскемен мен ШҚО Назерке Қайролданова
Ақпарат көзі:
Алдаспан

Газ Қытайға кетіп жатыр ма?

Зайсан ауданында табиғи газ тартылып жатқанына қарамастан өндіру орнына жақын орналасқан Тарбағай ауылдарына әлі күнге дейін газ құбыры тартылған жоқ

Аймақта шығып жатқан газдың көбі Қытайға кетіп жатыр деген депутаттар Шығыс Қазақстан облыстық мәслихатының отырысында мәселе көтерді. Тіпті, шенеуніктер қазір табиғи газдың қанша қоры бар екенін де анықтап біле алмай жатыр.

Энергетика және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық басқармасы мамандарының айтуынша, Үржар, Күршім және Тарбағатай ауданын газбен қамту үшін автоматтандырылған газ таратушы бекеттер мен магистраль тораптардың құрылысы басталады. Барлығы 20 мыңдай үй қамтылмақ. Аталған аудандардың ішінде Тарбағатайдың үлесі көп. Онда 24 ауыл (35 мың адам) газбен қамтылады. Соның ішінде Тұғыл, Қабанбай, Ақжар, Жаңатілеу, Ақсуат, Қарасу, Ақмектеп, Шолақорда сынды сегіз елді мекен бойынша жобалық-сметалық құжаттаманы әзірлеуге қажет бюджеттік өтінім облыстық комиссияның қарауында жатыр. Ал Күршім мен Үржар аудандарындағы барлығы 28 ауылға (14 ауылдан) көгілдір отын барады.

- Сарыбұлақтағы (Зайсан ауданы) газ қоры қанша екенін нақты айта алмаймыз, шамамен, 5,5 миллиард текше метр, - дейді басқарма басшысының міндетін атқарушы Алма Қайрақанова. - Қазақстан мен Қытай арасында осы жерде өндірілген газдың жартысы ел нарығында пайдаланылатыны туралы келісімшарт жасалған болатын талай жыл бұрын. Ал оның екінші жартысы Қытайға өтеді.

Депутаттардың бұл мәселесіне қатысты берген жауабында облыс әкімі келісімшартты жасау кезінде қателіктерге жол берілгенін айтып өтті.

- "Тарбағатай Мұнай" ЖШС-мен жасалған келісім дұрыс емес, тиімсіз деуге болады. Бүгінде ауылдарды газдандыру тақырыбы анық емес. Біз табиғи газ кен орны табылған және көлемі артқан жағдайда шартты қайта қарай алатындай етіп, үкіметке өтінім бердік. Құжатта Тарбағатай, Зайсан, Күршім және Үржар аудандарына газ құбырын тарту көзделген, - деді Даниал Ахметов.

Айта кетейік, 2015 жылы "Тарбағатай Мұнай" ЖШС (газды және мұнайды барлау және өндірумен айналысатын Шығыс Қазақстандағы компания) Зайсан қаласы мен тоғыз елді мекенге газ құбырын тарту құрылысын аяқтаған. Бұл - Зайсан ауданының Қарабұлақ, Кеңсай, Қайнар, Айнабұлақ, Жамбыл, Көгедай, Шалқар, Қаратал, Үлкен-Қаратал ауылдары. Жобаның құны - 2,37 миллиард теңге. Сонымен қатар, тағы сегіз елді мекенді газдандыру жұмыстары жүргізілуде. Олар: Дайыр, Көкжыра, Қуаныш, Біржан, Сарытерек, Жарсу, Бақасу, Саржыра ауылдары. Магистральдық жеткізу желілерін салу үшін жобалық-сметалық құжаттамасы бар. Облыстық Энергетика және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық басқармасының мәліметінше, ол үшін қазынадан 89,6 миллион теңге жұмсалған. Мұнда тағы 1800 абонентті көгілдір отынға қосу жоспарланып отыр, ал газ құбырының жалпы ұзындығы 248 км құрайды.

Следующая →
Тақырыптар: ШҚО Тарбағатай Газ