Өскемен
малооблачно
-13°
  • Өскемен
    -13°
  • Алматы
    +2°
  • Астана
    -6°
  • Ақтөбе
    -2°
  • Актау
    +8°
  • Орал
    +1°
  • Қарағанды
    -3°
  • Көкшетау
    -9°
  • Қостанай
    -7°
  • Қызылорда
    +2°
  • Павлодар
    -11°
  • Петропавловск
    -9°
  • Тараз
    -3°
  • Туркестан
    +1°
  • Шымкент
    +3°
$
498.34
519.72
¥
68.79
4.85
ҚР Ұлттық банк курстары

Егер бір оқиғаның куәсі болсаңыз, құқығыңыз бұзылса немесе қандайда бір мәселені көтергіңіз келсе, бізге хабарласыңыз

Өскемен мен ШҚО Өскемен мен ШҚО Евгения Чех
Ақпарат көзі:
Устинка

Өскеменде жылумен жабдықтау жүйесін жаңғырту жобасы тоқтап тұр

Облыс орталығында жылу желілерін және жылу станцияның құны 5 миллиард теңгеге күрделі жаңарту жоспарланғанымен, ол мүмкін болмай отыр

Еуропалық қайта құру және даму банкінің қатысуымен қаланы жылумен жабдықтау жүйесін жаңғырту жобасы бойынша келісімге 2017 жылдың тамыз айында қол қойылды, деп хабарлайды Устинка LIVE тілшісі.

Негізгі қаржыландыруды ЕҚДБ республикалық және облыстық бюджеттердің қатысуымен қамтамасыз етеді. Мердігер ұйым - "Өскемен жылу желілері" АҚ коммуналдық кәсіпорны. Облыс орталығының жылу желілерінің учаскелерін күрделі жөндеу, Меновное ауылына орталықтандырылған жылу беру, қалалық жылу сорғыш станцияларын автоматтандыру жүйесін қайта жаңарту жоспарланған. Арнайы техниканы сатып алуға да қомақты қаражат салынды. Жоба бойынша конкурстық рәсімдер жүргізіліп, қосалқы мердігерлік құрылыс ұйымдары анықталды. Алайда конкурс жеңімпаздарымен келісімшарттарға қол қою мемлекеттік грантты бөлу туралы расталғаннан кейін, сондай-ақ жобаны іске асыру бойынша ШҚО әкімдігі, Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігі және ЕҚДБ арасындағы үшжақты келісімге қол қойылғаннан кейін ғана мүмкін болады.

- Осы уақытқа дейін қалаға қажетті жобаны іске асыруға кірісе алмаудамыз, - дейді "Өскемен жылу желілері" АҚ-ның қаржы директоры Алла Фатеева. - ЕҚДБ шығындары тарифке енгізілмеген, бізге субсидия алудан бас тартылға, үшжақты келісімге қол қойылмаған, бюджеттік қоса қаржыландыру жоқ.

Өзекті мәселе облыстық тариф белгілеу мәселелері бойынша әкімдіктің отырысында көтеріліп, ШҚО әкімінің ТҮКШ саласына жетекшілік ететін орынбасары Бақытжан Байахметовтің бақылауына алынды.

Следующая →