Өскеменде Халықаралық зағиптар күні атап өтілді
«Мен әлемді ояу көкірегіммен көремін» атты ұранмен өткен мерекелік шарада ән шырқалып, сахналық көрініс көрсетілді.
Халықаралық зағиптар күні 13 қарашада. . Бұл күн кездейсоқ таңдалған жоқ. 1745 жылы дәл осы күні көзі көрмейтін адамдарға арналған алғашқы мектептің негізін қалаушы, Брайль қарпі жасалғанға дейін оқуды оқыту әдісін ойлап тапқан педагог және волонтер Валентин Гаюи дүниеге келді.
Следующая →
- Бүгін Халықаралық зағиптар күніне байланысты кездесу өткізіп отырмыз. Жыл сайын көзі көрмейтін және нашар көретін азаматтар проблемасына көп адамдарды тарту үшін атап өтеміз, - дейді ШҚО "Қазақ соқырлар қоғамы" ҚБ филиалының жетекшісі Жамиль Шаймардинов. - Мен барлық қарт адамдардың зейнетақысы өсіп, жәрдемақысы сақталуын, мол бақыт, денсаулық пен мерекелік көңіл-күй тілеймін.Сондай-ақ, мереке кезінде зағип Әсем Мергембаева кітапхана оқырмандарына қамқорлықтағы адамдарға смартфон қолдануға үйрететіні туралы айтып берді. Сенсорлы экранды телефонға орнатылған заманауи қосымшалардың көмегімен зағип тұрғындар қала ішінде өз бетінше жүре алады.
Тақырыптар:
Международный день слепых в Усть-Каменогорске ОО "Казахское общество слепых" Литературно-музыкальный клуб "Зарянка" Праздники в Усть-Каменогорске