Өскемен
пасмурно
-4°
  • Өскемен
    -4°
  • Алматы
    +1°
  • Астана
    -7°
  • Ақтөбе
    -3°
  • Актау
    +10°
  • Орал
    +5°
  • Қарағанды
    -8°
  • Көкшетау
    -5°
  • Қостанай
    -5°
  • Қызылорда
    +3°
  • Павлодар
    -8°
  • Петропавловск
    -7°
  • Тараз
    +3°
  • Туркестан
    +5°
  • Шымкент
    +7°
$
498.34
+3.47
519.72
-0.93
¥
68.79
+0.45
4.85
-0.06
ҚР Ұлттық банк курстары

Егер бір оқиғаның куәсі болсаңыз, құқығыңыз бұзылса немесе қандайда бір мәселені көтергіңіз келсе, бізге хабарласыңыз

Өскемен мен ШҚО Өскемен мен ШҚО Галина Пестрякова
Ақпарат көзі:
Устинка

Даниал Ахметов министрліктің белгілеген шеңберінен шығу керектігін айтты

Шығыс Қазақстан облыс ана мен бала өлімінің ең төменгі деңгейіне қол жеткізгісі келеді.

Шығыс Қазақстан облысының әкімі Даниал Ахметов облыстық денсаулық сақтау басқармасы басшылығына акушерлік көмек саласындағы жұмысты жақсартуды ұсынды, деп хабарлайды Устинка LIVE тілшісі.

Соңғы үш жылда облыста сәбилердің өлімі 21,6% төмендеді және қазіргі уақытта 100000 жаңа туғандарға шаққанда 8,4 жағдайды құрайды. Жыл соңына дейін Шығыс Қазақстан облысы бұл көрсеткіщті 7.19 деңгейіне көтеруді, жеткізуді жоспарлап отыр. Ана өліміне келетін болсақ, соңғы төрт жылда бұл көрсеткіш алтыдан үш жағдайға дейін азайды.
- Бізде ана мен бала өлімі мәселесі тұр. Көрсеткіш басқа облыстардағыдай емес, бірақ оны төмендету қажет, - дейді ШҚО әкімі Даниал Ахметов. - Барлық жабдықтарды сатып алдық, дәрігерлерді оқытып, ынталандырып жатырмыз, енді не керек? Егер алдын-алу шараларының жүйесін анықтау керек болса, оны да істейік. Егер қосымша әйелдер консультациясын ашу қажет болса, оны да ашамыз, қаржыландырамыз. Бұл мәселені біз шешуіміз керек! Министрлік оңтайландыруды жүзеге асырғаны белгілі - перзентханаларды жапты. Мен оны дұрыс емес деп ойлаймын. Осылай Марқакөлдегі перзентхананы жапты, босанған әйелдерді 180 шақырымға жіберуге болатындығымен түсіндірді. Ал бір шақырымдық жер одан да жақсы емес пе?! Министрліктің белгілеген шегінен шығу керек. Олар Марқакөлдің Күршімнен 180 шақырым жерде орналасқанын және қыста көлікпен қатынау қиын екенін білмейді. Бұл Нұр сұлтанның ішіндегі қашықтық емес қой.

Шығыс Қазақстан облысы денсаулық сақтау басқармасының басшысы Ілияс Мұхамеджанның айтуынша, облыста акушерлік көмек жүйесін жақсарту үшін әлі атқаратын жұмыстар баршылық.
- Әрине, көрсеткішті жақсартқан жөн. Бұл бағыттағы жұмыс жалғасуда, - дейді Ілияс Мұхамеджан. - Біз медициналық мекемелерімізді акушерлік көмекке арналған жабдықпен толтырдық. Біз Күршім ауданына бардық, енді барлық аудандарға барып, акушерлік көмекті сол жерде көтереміз. Аймақта дәрігерлер тапшылығы әлі де бар, мысалы, неонатологтардың жетіспеушілігі сезіледі. Оларды «Дипломмен ауылға» бағдарламасы бойынша тарту үшін жұмыс атқарылуда.

Айтпақшы, басқарма бүгінде облыста көптеген жас мамандар баспана алуға көмектескен. Тіпті, басқа облыстардан да тәжірибелі дәрігерлер де тартылды. Дәрігерлерге жүзге жуық пәтер берілді. Бұл бағыттағы жұмыс жалғасуда.
Следующая →