Өскемен
ясно
+12°
  • Өскемен
    +12°
  • Алматы
    +11°
  • Астана
    +16°
  • Ақтөбе
    +21°
  • Актау
    +22°
  • Орал
    +19°
  • Қарағанды
    +13°
  • Көкшетау
    +18°
  • Қостанай
    +23°
  • Қызылорда
    +18°
  • Павлодар
    +15°
  • Петропавловск
    +21°
  • Тараз
    +12°
  • Туркестан
    +19°
  • Шымкент
    +14°
$
443.35
475.54
¥
61.18
4.82
ҚР Ұлттық банк курстары

Егер бір оқиғаның куәсі болсаңыз, құқығыңыз бұзылса немесе қандайда бір мәселені көтергіңіз келсе, бізге хабарласыңыз

Өскемен мен ШҚО Өскемен мен ШҚО
Ақпарат көзі:
Алдаспан

Тиімді жұмыс - нақты нәтиже кепілі

18 қазанда Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың төрағалығымен ҚР Парламент Мәжілісінде "Nur Otan" партиясы фракцияның кеңейтілген отырысы өткен болатын

Онда "Қазақстан – 2021: Бірлік. Тұрақтылық. Жасампаздық" атты сайлауалды бағдарламасы және "100 нақты қадам" Ұлт жоспарының іске асырылуы талқыланып, көпшіліктің көкейінде жүрген мәселелер айтылды.

Партия төрағасы ел игілігіне арналған стратегиялық бағдарламалардың орындалу барысының кемшің тұстарының бар екендігін атап өтті.

Партияның сайлауалды тұғырнамасының барлық бағыты ең өзекті мәселені шешуді қамтиды. Мысалы, "Нұрлы жол" бағдарламасын жүзеге асыру ұлттық экономиканы дамытудың және оны әлемдік жүйеге енгізудің негізгі болуда.

- Облыстық мәслихатта, "Nur Otan" партиясы фракциясы жанынан 5 комиссия құрылды, олар бюджет қаражатының мақсатты жұмсалуына бақылауды жүзеге асырады. Депутаттық фракция және саяси кеңес Бюросының отырыстарында "Нұрлы жол" және "Нұрлы жер" бағдарламаларын жергілікті атқарушы органдардың жүзеге асыру мәселелері бірнеше рет қаралды, - дейді "Nur Otan" партиясы ШҚОФ төрағасының бірінші орынбасары Әнуарбек Мұхтарханов.

Партия жұмысын "Қайта жаңғырту" аясында барлық деңгейдегі маслихат депутаттарының жұмысын жандандыру мақсатында Қазақстанның барлық өңірлерінде маслихаттардағы "Nur Otan" партиясы фракциясының арнайы жиындары өтіп, күн тәртібінде аудан, қала әкімдерінің "Nur Otan" партиясының сайлау алды бағдарламасы мен 2016-2020 жылдарға арналған аумақтарды дамыту бағдарламасының орындалуы туралы есептері тыңдалды.


Өткен жылдың және ағымдағы жылдың тоғыз айының қорытындысы бойынша өңірдің экономикалық және әлеуметтік саласының даму көрсеткіштерінің оң нәтижелері аталып өтілді.

- Шығыс Қазақстан облыстық мәслихатындағы "Nur Otan" партиясы фракциясының жинында облыстық филиалдың төрағасы, облыс әкімі Даниал Ахметов өзінің баяндамасында облыстық мәслихаттың депутаттарына қоғамдағы өзекті мәселелерді көтеріп, халықпен етене жақын жұмыс жасауды, Бастауыш партия ұйымдары мен депутаттық фракцияның қызметін жаңа деңгейге көтеру қажеттілігін атады, - дейді Әнуарбек Мұхтарханов. - Сонымен қатар, жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі Қоғамдық кеңеске кіретін депутаттардың жұмысын жандандыру үшін комиссия құрамы жаңартылып, жұмыс жоспарлары қайта қаралды.

Бүгінгі таңда "Nur Otan" партиясының "Партиялық кадрлық резервті" қалыптастыру бойынша пилоттық жобасы аясында Шығыс Қазақстан облысының Бесқарағай ауданында жұмыс жүргізілуде. Іріктеудің басты мақсаты ядролық электоратты қалыптастыру болып табылады - бұл біздің азаматтарымыздың проблемаларын анық білетін, халық арасынан шыққан, танымал, ел ішінде беделі жоғары, қоғамдық ой пікір бар белсенді азаматтардың тобын қалыптастыру.

"Nur Otan" партиясының облыстық, қалалық, аудандық маслихаттарындағы депутаттық фракциялары, жалпы депутаттар Елбасы айтқан сындардан қорытынды шығаруға жұмыс атқаруды қолға алды. Басты мақсат – барлық қазақстандықтардың өмір сүру сапасын жақсарту.


Следующая →