Өскемен
пасмурно
-10°
  • Өскемен
    -10°
  • Алматы
    -2°
  • Астана
    -6°
  • Ақтөбе
    -2°
  • Актау
    +10°
  • Орал
    +3°
  • Қарағанды
    -8°
  • Көкшетау
    -6°
  • Қостанай
    -5°
  • Қызылорда
    +3°
  • Павлодар
    -9°
  • Петропавловск
    -8°
  • Тараз
    +1°
  • Туркестан
    +2°
  • Шымкент
    +5°
$
498.34
519.72
¥
68.79
4.85
ҚР Ұлттық банк курстары

Егер бір оқиғаның куәсі болсаңыз, құқығыңыз бұзылса немесе қандайда бір мәселені көтергіңіз келсе, бізге хабарласыңыз

Өскемен мен ШҚО Өскемен мен ШҚО Алексей Сафонов
Ақпарат көзі:
Устинка

ШҚО-да жолаушыларға қызмет көрсететін жаңа пункттер ашылды

Бұл туралы ШҚО жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасының басшысы Нұржан Жұмаділов облыстық мәслихаттың кезекті 34-ші сессиясында айтты.

Облыста 3 автовокзал, 10 автостанса, 11 жолаушыларға қызмет көрсету пункті бар. Сондай-ақ, биыл Бородулиха ауылы (Бородулиха ауданы), Первомайка ауылы (Шемонаиха ауданы), Барлық-Арасан ауылында (Үржар ауданы) жолаушыларға қызмет көрсету пунктісі пайдалануға берілген.

  Ал Курчатов қаласы, Күршім мен Көкпекті аудандарында мұндай жолаушыларға қызмет көрсету пунктері тіптен жоқ. Нұржан Жұмаділов мәселе бойынша аудан әкімдіктері айналысуды, аталмыш көліктік инфақұрылымды қарастыруды сұрады. Сонымен қатар алдағы уақытта Бесқарағай ауданы, Бесқарағай ауылында автостанция ашылу мүмкін екендігі сессия барысында айтылды.
  
   Айта кетейік, облыста 326 автобус бағыты бар, оның 18-і халықаралық, 22-сі облысаралық және қала аралық, 77-сі облыс ішінде, 51-і ауданішілік, 14-і ауыларалық, 145-і қалаішілік бағыттар. Аталмыш автобус бағыттарын субсидиялау үшін биыл облыстық бюджеттен 143, 9 млн теңге қаржы да бөлінген.
Следующая →