Өскемен
пасмурно
-10°
  • Өскемен
    -10°
  • Алматы
    -2°
  • Астана
    -6°
  • Ақтөбе
    -2°
  • Актау
    +10°
  • Орал
    +3°
  • Қарағанды
    -8°
  • Көкшетау
    -6°
  • Қостанай
    -5°
  • Қызылорда
    +3°
  • Павлодар
    -9°
  • Петропавловск
    -8°
  • Тараз
    +1°
  • Туркестан
    +2°
  • Шымкент
    +5°
$
498.34
519.72
¥
68.79
4.85
ҚР Ұлттық банк курстары

Егер бір оқиғаның куәсі болсаңыз, құқығыңыз бұзылса немесе қандайда бір мәселені көтергіңіз келсе, бізге хабарласыңыз

Өскемен мен ШҚО Өскемен мен ШҚО Алексей Сафонов
Ақпарат көзі:
Устинка

Электронды билет: Өскеменнің барлық автоустары мен трамвайларында

Облыстық мәслихат сессиясында Жолаушылар көлігі басқармасының басшысы келер 2020 жылы облыс орталығының тұрғындары мен қала қонақтарын қандай өзгерістер күтіп тұрғанын айтты.

2020 жылдан бастап облыс орталығындағы қоғамдық көліктерде кондукторлар болмайды, оның орнын электронды жүйе басып, жолақысы қолма-қол ақшасыз төленетін болады.
- Электрондық билеттердің жаңа жүйесі барлық қоғамдық көлік бағыттарын, оның ішіне төрт трамвай бағытын да қамтиды. Сонымен қатар, қала қонақтары мен тұрғындары трамвайлар мен автобустардың қозғалысын нақты уақыт режимінде, яғни арнайы мобильдік қосымша арқылы бағыттарды қадағалай алады. Бұл автобустардың келу уақытын есептеп, уақыт үнемдеуге мүмкіндік береді. Жоба 2020 жылдың екінші жартысында, нақтырақ айтқанда мамырдан бастап жүзеге асырыла бастайды, - деді ШҚО жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасының басшысы Нұржан Жұмаділов.
Облыс әкімінің айтуынша, билеттердің электронды болуы қызмет сапасын арттырып, тасымалдаушылардың кірісін нақты анықтауға мүмкіндік береді.

 Бұл тұста айта кетейік, электронды билетпен есеп айырысатындар үшін жолақысы сол күйі қала бермек. Яғни, қала ішінде қатынау әдеттегідей 90 теңге болады. Жеңілдікпен қатынайтындарға арнайы карта беріледі. Ал қалған тұрғындар валидаторға арналған электронды картамен немесе байланыссыз төлем жасау функциясы бар кез келген банктік картамен есеп айырылыса алады.
Следующая →