Ұры бойжеткеннің қолынан әмиянын ала қашқан
29 қазан күні қала тұрғынын белгісіз біреу тонап кеткен
24 жастағы бойжеткеннің сөзіне сүйенсек, 23.00 шамасында Назарбаев даңғылы бойындағы дүкеннің жанында белгісіз бір ер адам оның қолындағы әмиянын ала қашқан. Әмиян ішінде 28 мың теңге болған. Азаматша бірден полиция қызметіне жүгінді.
- Полиция қызметкерлері бұрын істі болмаған 30 жастағы қала тұрғынын қолға түсірді, - деп мәлімдеід Өскемен қалалық Полиция басқармасының баспасөз хатшысы. - Күдікті өз ісін мойындады. Аталған факті бойынша ҚР ҚК 191-бабы 1-бөлігі бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды.