Өскемен
ясно
+9°
  • Өскемен
    +9°
  • Алматы
    +10°
  • Астана
    +13°
  • Ақтөбе
    +19°
  • Актау
    +22°
  • Орал
    +21°
  • Қарағанды
    +9°
  • Көкшетау
    +14°
  • Қостанай
    +16°
  • Қызылорда
    +17°
  • Павлодар
    +11°
  • Петропавловск
    +15°
  • Тараз
    +8°
  • Туркестан
    +22°
  • Шымкент
    +11°
$
443.35
475.54
¥
61.18
4.82
ҚР Ұлттық банк курстары

Егер бір оқиғаның куәсі болсаңыз, құқығыңыз бұзылса немесе қандайда бір мәселені көтергіңіз келсе, бізге хабарласыңыз

Өскемен мен ШҚО Өскемен мен ШҚО Алексей Сафонов
Ақпарат көзі:
Устинка

Көлік ашық құдыққа түсіп кетті

Әлеуметтік желіде облыс орталығындағы көшелердің бірінде жеңіл көліктің шұңқырға түсіп кеткені жазылған видео тарады

Бұл жол Бажов көшесіндегі Құрылысшылар мәдениет сарайы маңында екені белгілі.

Бейнежазбада көліктің алдыңғы дөңгелегі шұңқырға кіріп кеткені және басқа жүргізуші оған көмектесіп, троспен тартып жатқаны көрсетілген.

- Бұл құдықтан бір ай бойы шыбық шығып тұрған, - деп жазыпты тұрғындардың бірі әлеуметтік желіге жүктелген видео астына.

Сонымен қатар, жүргізушілер Өскемендегі басқа көшелерде де осындай жағдайлар жиі орын алатындығын жазды.

- Пермитин көшесіндегі "Сұлтан" СО маңындағы құдықтің беті қашанғы ашық тұрады және қашанға дейін айналып өте береміз? - деп налыйды жүргізушілердің бірі. - Қақпақ сатып алғанға қаражат жетпеді ме?

Енді бірі тұрғындарды жолдағы осындай олқылықтар үшін жауапты тұлғаларды сотқа беруге үгіттеп жатты.

Бұл мәселе "Өскемен Водоканал" мекемесінің назарына түсіп, құдықты тексерген.

- Бұл құдық кәсіпорынға тиесілі емес. Бірақ жан-жағы қоршалды, - деп мәлімдеді коммуналды кәсіпорынның баспасөз қызметі.

Енді тек осы құдыққа жауапты кәсіпорын бұл мәселені байқар деп үміттенеміз.



Следующая →