Өскемен
ясно
-12°
  • Өскемен
    -12°
  • Алматы
    +1°
  • Астана
    -3°
  • Ақтөбе
    -3°
  • Актау
    +8°
  • Орал
    -2°
  • Қарағанды
    -4°
  • Көкшетау
    -6°
  • Қостанай
    -5°
  • Қызылорда
    +2°
  • Павлодар
    -11°
  • Петропавловск
    -10°
  • Тараз
    +1°
  • Туркестан
    -3°
  • Шымкент
    +8°
$
498.51
+0.17
522.84
+3.12
¥
68.81
+0.02
4.81
-0.04
ҚР Ұлттық банк курстары

Егер бір оқиғаның куәсі болсаңыз, құқығыңыз бұзылса немесе қандайда бір мәселені көтергіңіз келсе, бізге хабарласыңыз

Өскемен мен ШҚО Өскемен мен ШҚО Галина Пестрякова
Ақпарат көзі:
Устинка

Өскемен билігі жер учаскесі үшін кәсіпкермен соттасуға дайын

Славский атындағы жағалау бойында орналасқан мұнара бейнесіндегі сорғы стансасының тағдыры сотта шешілмек

Қала әкімі Жақсылық Омардың халықпен кездесуі барысында тұрғындар осы сұрақты көтерді.

- Әкімшілік неге "Вовченко" ЖК мұнарасын қалпына келтіруін неге талап етпейді? - деді "Карлығаш" ПИК өкілі. - Оны кім қалпына келтіреді – ТҮКШ ме немесе иесі ме? Қоршауы құлап, балалар шығып жүр. Бұл қауіпті!

Естеріңізге сала кетейік, кәсіпкер сорғы стансасы орналасқан жер учаскесін сатып алған. Кәсіпкер ол жерге дәмхана салмақ, ал халық мұнараны құлатып, құрылыс жүргізгеніне наразы. Қалалық әкімдік осы сұрақты шешу үшін қыркүйек айының басында Мемлекеттік архитектура-құрылысты бақылау басқармасын іске қосқан болатын. Мекеме кәсіпкер жұмысынан олқылық тапты. Тексеріс уақытында бұзу жұмыстары тоқтатылған. Ал әкім кәсіпкермен келісімге келіп, оған басқа жер телімін беруге тырысатынын айтқан. Бірақ бұл мәселе әлі де өз шешімін тапқан жоқ.

- Біз бұл сұрақты талқылау үстіндеміз. Жер бізде қалуы үшін барымызды саламыз, - деді Жақсылық Омар. - Қазір жер иесімен келіссөздер жүріп жатыр. Мұнараны да біз қалыпқа келтіреміз. Бұл жер телімі қалай кәсіпкерге сатылып кеткені белгісіз. Бұл осымен үшінші иесі. Осы жер телімін бізге қайтаруы үшін басқа жер телімін ұсындық. Соттасамыз.

Следующая →