Орталық базар маңына батырмалы бағдаршам қойылады
Осылайша келесі жылдан бастап жүргізушілер Қазақстан көшесіндегі "Березка" дүкені алдында адамдардың толассыз ағыны салдарынан ұзын-сонар кептелісте тұрмайтын болады
Тамыз айының басында бұл жерге реттелмейтін жаяу жүргіншілер жолағы орнатылған болатын.
Тұрғындар дәл осы маңнан жиі жолдан өтіп жүргендіктен осындай шешім қабылданған. Енді адамдар арнайы жол белгісі қойылған орыннан алаңсыз өтіп жүр. Ал бірақ бұл көлік жүргізушілерінің наразылығын тудырып отыр. Адамдардың ары-бері толассыз жүруіне байланысты көліктер кептелісте тұруға мәжбүр. Өскемен қалалық ТҮКШ, жолаушылар көлігі және автокөлік жолдары бөлімі енді реттелмейтін жаяу жүргіншілер өткелінің орнына бұл жерге батырмалы бағдаршам орнатуды көздеп отыр.
- Қазіргі таңда батырмалы бағдаршам орнату туралы шешім қарастырылуда, - дейді қалалық ТҮКШ бөлімінің абаттандыру және автокөлік жолдары секторының меңгерушісі Бауыржан Сүлейменов. - Бағдаршам жай ғана қойыла салмайды. Бюджетке қаржы құйылып, байқау шаралары өтуі керек. Күн сайын әкімшілік құқықбұзушылық артып келеді, ал мәселені қалай да шешу керек. Өйткені ешкімнің Пушкин кітапханасы алдындағы немесе Қазақстан мен Қабанбай көшелерінің қиылысындағы жаяу жүргіншілер жолағынан өткісі келмейді.
Келесі жылы нақты қай айда орнатылатыны әзірге белгісіз.