Өскемен
малооблачно
-13°
  • Өскемен
    -13°
  • Алматы
    +2°
  • Астана
    -6°
  • Ақтөбе
    -2°
  • Актау
    +8°
  • Орал
    +1°
  • Қарағанды
    -3°
  • Көкшетау
    -9°
  • Қостанай
    -7°
  • Қызылорда
    +2°
  • Павлодар
    -11°
  • Петропавловск
    -9°
  • Тараз
    -3°
  • Туркестан
    +1°
  • Шымкент
    +3°
$
498.34
519.72
¥
68.79
4.85
ҚР Ұлттық банк курстары

Егер бір оқиғаның куәсі болсаңыз, құқығыңыз бұзылса немесе қандайда бір мәселені көтергіңіз келсе, бізге хабарласыңыз

Өскемен мен ШҚО Өскемен мен ШҚО
Ақпарат көзі:
Алдаспан

Оралхан Бөкей атындағы әдеби зал ашылады

Оралхан Бөкей атындағы қалалық кітапханада оқырмандар конференциясы өтті

Жазушы Оралхан Бөкейдің "Атаукере" романы бойынша өткен конференцияға кітапхана қызметкерелері, оқырмандар және жазушының жиені, қаламгер Тоқтарбек Мағзумов қатысты.

"Алтайдың кербұғысы" атанған кербез жазушының қаламынан туған туындылардың көбі дерлік қоғам тынысы мен адами құндылықты қозғайды. Солардың ішінде "Атаукере" романының астарындағы ақиқаттың бәсі жоғары. Қауіпті буданның құпиясы мен сырына үңіліп, қасіреті мен зиянын айшықтайды. Жазушы Еріктің өмірі арқылы ұлттық құндылықтың құпиясын көрсетсе, Тағанның тағдыры арқылы қоғамның күрделі тұстарының күрмеуін шешуді көздейді. Осы мәселелер туралы ой қозғаған конференция барысында шығарма жан-жақты талқыланды.

- Оралхан Бөкей атындағы кітапханада жұмыс істеп отырған әрбір қызметкердің жазушы шығармасын білгені дұрыс. Осы мақсатта ай сайын жазушының бір шығармасын талдап, талқылап отыруды қолға алдық. Талқылайтын шығарма кітапхана қызметкерлері мен оқырмандарға алдына ала ұсынылады. Осы жолы "Атаукере" романын талдасақ, келер жолы "Бәрі де майдан" шығармасын талқылауды жоспарлап отырмыз, - дейді кітапханашы Гүлзира Жұмағұлова.

Сонымен қатар, желтоқсан айында аталмыш кітапханада "Оралхан Бөкей атындағы әдеби зал" ашылмақ. Бұл туралы кітапхана қызметкері Гүлзира Жұмағұлова конференция барысында айтты. Киелі кітапхана шаңырағында ашылатын әдеби залға жазушының шығармалары мен жәдігерлері қойылады. Қазіргі уақытта ел ішіндегі шығармалары мен жәдігерлерін жинап жатқандарын айтты. Шет елдерден де Оралхан Бөкейдің әлем тілідеріне аударылған шығармалырының электронды нұсқаларын алдырған. Егер қолдарында Оралхан Бөкейге қатысты қандайда бір деректер мен жәдігерлер, кітаптар мен ғылыми жұмыстар бар оқырмандар болса, әдеби зал қорына беріп қолдау көрсетсе, кітапхана ұжымы құба-құп көрмек.

Дәл сол жерде игілікті істі Р. Мәрсеков атындағы мектептің мұғалімі Гауһар Сьезханқызы бастады. Ол өзінің Оралхан Бөкей шығармасы бойынша жазған диплом жұмысын "Оралхан Бөкей атындағы әдеби зал" қорына тапсырды.

- Менің 3 жасымда анам ұшақпен Катонқарағайға ұшыпты. Сол кезде ұшақта Оралхан Бөкей де болған. Ол кісі біздің қасымыздағы орындыққа отырыпты. Сөйтіп екі баламен ұшып бара жатқан анама көмектесіп мені алдына алып отырған. Кейін мен Оралхан Бөкей атындағы мектепте сабақ оқыдым. Одан кейін С. Аманжолов атындағы ШҚМУ-ға оқуға түстім. Әуелгіде диплом жұмысым Махамбет Өтемісұлы шығармасы бойынша болатын. Соңғы курсқа келгенде аяқасты Оралхан Бөкей шығармасы бойынша жаздым. Сөйтіп дипломды өте жақсы қорғап шықтым. Бұның бәрі мен үшін сәйкестік әлде мистика сияқты болды. Бәлкім, жақсы адамның шапағаты шығар, - дейді Гауһар Сьезханқызы.

Осылай конференция барысында кітапхана қоры ғылыми жұмыспен толыға түсті. Шара соңында Бақытгүл Шаимова "Ең үздік талқылаушы", Жазира Жұмажанова "Ең үздік суреттеуші", Ақерке Абраймова "Ең үздік әдеби сын" номинациялары бойынша марапатталды.

Иә, Оралхан есімін иеленіп отырған қарашаңырақ қызметкерлерінің жазушы шығармасын талдап, талқылағаны құптарлық іс. Тек, жалғасын тапса болғаны.

Следующая →