Өскемен
малооблачно
-13°
  • Өскемен
    -13°
  • Алматы
    +2°
  • Астана
    -6°
  • Ақтөбе
    -2°
  • Актау
    +8°
  • Орал
    +1°
  • Қарағанды
    -3°
  • Көкшетау
    -9°
  • Қостанай
    -7°
  • Қызылорда
    +2°
  • Павлодар
    -11°
  • Петропавловск
    -9°
  • Тараз
    -3°
  • Туркестан
    +1°
  • Шымкент
    +3°
$
498.34
519.72
¥
68.79
4.85
ҚР Ұлттық банк курстары

Егер бір оқиғаның куәсі болсаңыз, құқығыңыз бұзылса немесе қандайда бір мәселені көтергіңіз келсе, бізге хабарласыңыз

Өскемен мен ШҚО Өскемен мен ШҚО Галина Пестрякова
Ақпарат көзі:
Устинка

Өскеменде қаңғыбас иттерді аулау мен ұйықтату жалғаспақ

Қала әкімі Жақсылық Омар бұл туралы халықпен өткен кездесулерінің бірінде айтты

Бұл жолы Орман шаруашылығы ауданының тұрғындары қаңғыбас иттерді аулап отыру қажеттігі жайында бастама көтерді. Бұл ауданда қаңғыбас иттердің үйірімен жүруі тұрғылықты халық үшін қауіп төндіреді.

Осы сұрақ Защита халқының да мазасын қашырған. Демалыс күндері әлеуметтік желіде бір топ иттің көше ортасында жүгіріп жүргені бейнеленген жазба тарады.

- Қалада шамамен 3500 қаңғыбас ит бар. Бұл көрсеткішпен елде көш бастап тұрмыз. Иттерді аулау мен ұйықтату бойынша жұмыстарды жалғастыратын боламыз, - деді қала басшысы.

Қаланың бас санитары Михаил Дерябин 9 айда Өскеменде барлығы ит қапқан 867 адам тіркелген. Оның 319-ына қаңғыбас иттер шабуылдаған. Адамдардың барлығы қалалық ауруханалардың тарвматологиялық пунктілеріне жүгінген.

Осы орайда айта кетейік, үй мысықтарын зарарсыздандыру үшін мамыр-маусым айларында талон жетпей қалады. Осы мақсатта, тіпті, жылына 2 млн теңге бюджеттік қаржы да қарастырылған. Тұрғындар қала әкімінен бұл соманы тағы да көбейтуді өтінді. Бірақ Жақсылық Омар үйіне асыруауға жануар алған адам ол үшін шығынды да өз мойнына алуы керек екенін айтты.

Сонымен қатар, тұрғындарды иттерді қыдырту орны туралы мәселе де қызықтырды. Бірақ бұл сұрақ жауапсыз қалды.




Следующая →