Өскемен
пасмурно
+11°
  • Өскемен
    +11°
  • Алматы
    +10°
  • Астана
    +3°
  • Ақтөбе
    -2°
  • Актау
    +7°
  • Орал
    +2°
  • Қарағанды
    +4°
  • Көкшетау
    +3°
  • Қостанай
    +1°
  • Қызылорда
    +9°
  • Павлодар
    +6°
  • Петропавловск
    +2°
  • Тараз
    +8°
  • Туркестан
    -3°
  • Шымкент
    +7°
$
448.15
-1.43
483.46
-3.48
¥
61.99
-0.23
4.86
ҚР Ұлттық банк курстары

Егер бір оқиғаның куәсі болсаңыз, құқығыңыз бұзылса немесе қандайда бір мәселені көтергіңіз келсе, бізге хабарласыңыз

Өскемен мен ШҚО Өскемен мен ШҚО
Ақпарат көзі:
Алдаспан

Шығыста мал саны артқан

Биыл ауыл шаруашылығы өнімдерінің көлемі жөнінен облыстық орташа көрсеткіштен Аягөз (106%), Бесқарағай (106,1%), Абай (105,9%) және Үржар (104,8%) аудандары асқан

Мал шаруашылығының барлық түрлерінен облыста өсім бар. Сүт өндірісінің негізгі ошағы Күршім, Тарбағатай, Үржар аудандары, ал жұмыртқа өндіруден алдыңғы орынға Ұлан, Глубокое, Алтай, Үржар аудандары шыққан. Үржар мен Алтай аудандарының құс өсіру шаруашылықтары да үздіктер қатарынан көрінген.

Ірі қара мал (14,4%) табынының үлес салмағы бойынша облыс республикада Алматы облысынан кейін екінші, қой саны бойынша (8,8%) төртінші, жылқы саны бойынша (14,3) бірінші орын алады.

- 2019 жылдың бірінші қазанындағы мәлімет бойынша облыс шаруашылықтарының барлық санаттарында 1 миллионнан астам бас ірі қара мал (2018 жылдың тиісті күніне қатысты алғанда 107,5%), екі миллионға жуық қой мен ешкі (98,4 %), 404 мың жылқы (111,4%), 0,6 мың түйе (89,3%), 4,3 миллион бас құс (93,0%) бар, - дейді Ауыл шаруашылығы статистикасын қалыптастыру басқармасының бас маманы Эльмира Рахимова.


Следующая →