Аягөз және Алтай қалаларында медициналық туризмді енгізуді жоспарлап отыр
Бұл туралы облыс әкімдігінде өткен кеңесте Шығыс Қазақстан облысы денсаулық сақтау басқармасы басшысының орынбасары Раифа Сафиоллинова мәлімдеді.
2018-2019 жылдары аймаққа Қытайдан, Ресейден, Өзбекстаннан 145 шетелдік туристер және басқа аймақтардан 600-ге жуық науқас келіп ем-дом алған. Роботты хирургия, трансплантология, гибридті нейрохирургия, көз микрохирургиясы және басқалары орталықтардың жұмысы келушілерді қызықтырады, деп хабарлайды Устинка LIVE тілшісі.
- Егер Аягөз мен Алтайда инсульт орталықтарын кардиобағытта жаау керек болса, оны да жасаймыз! - деді облыс әкімі Даниал Ахметов. - Барлығын жүйелеу, жұмыстарды басқаруды жүргізу және адамдардың өмірінің жағдайын жақсарту керек.
Следующая →
- Біздің облыста медициналық туризмді дамыту үшін барлық алғышарттар жасалған, - дейді облыстық денсаулық сақтау басқармасы басшысының орынбасары Раиф Сафиоллинова. - Облыста сегіз жоғары технологиялық орталықтар жұмыс істейді, заманауи емдеу технологиялары енгізілді, клиникалар заманауи құрылғылармен жабдықталды, шетелдік әріптестердің тәжірибесін зерделеп жатырмыз, енді JCI халықаралық сертификатын алуға дайындаламыз.Билік Аягөз мен Алтайдағы инсульт орталықтарын медициналық туризмді қамтамасыз ететін клиникалардың тізіміне қосуды жоспарлап отыр. Жыл соңында барлығы көп функциялы құрылғы - ангиографпен жабдықталмақ.
- Егер Аягөз мен Алтайда инсульт орталықтарын кардиобағытта жаау керек болса, оны да жасаймыз! - деді облыс әкімі Даниал Ахметов. - Барлығын жүйелеу, жұмыстарды басқаруды жүргізу және адамдардың өмірінің жағдайын жақсарту керек.
Тақырыптар:
Медицинский туризм в городах Аягоз и Алтай Медицинский туризм в ВКО Управление здравоохранения ВКО Аким ВКО Даниал Ахметов