Өскеменге төмен байытылған уранның алғашқы партиясы келді
Шығыс Қазақстандағы төмен байытылған уран банкі алғашқы материалды сақтауға партияны қабылдады.
АЭХА ТБУ Банкінде атом электр станцияларында стандартты жеңіл су реакторында отын өндіруге жарамды 90 метрикалық тонна уран гексафториді сақталады. ТБУ бұл қоры радиоактивті қалдық емес, халыққа және қоршаған ортаға қауіп төндірмейді және АЭХА-ға мүше мемлекеттер саяси себептермен дәстүрлі отын жеткізілімінің тоқтатылуына ұшыраған жағдайлар үшін қарастырылған.
АЭХА ТБУБ үшін материалдарды жеткізушілер - қазақстандық «Қазатомөнеркәсіп» ҰАК» АҚ және француздық «Орано-Цикл» компаниясы.
Қазақстан мен АЭХА арасында АЭХА ТБУБ құру туралы құжаттарға қол қою рәсімі 2015 жылы тамызда АЭХА Бас директоры Юкия Аманоның Елордаға сапары кезінде өтті.
Айта кетейік, АЭХА-ның Қазақстанда төмен байытылған уран банкін құру жөніндегі халықаралық жобасы Қазақстанның Тұңғыш Президенті - Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың бастамасымен сәтті жүзеге асырылды.
Следующая →
- Қазақстан мен АЭХА инвестицияларының арқасында, осы салада көп жылдық тәжірибесі бар Үлбі металлургиялық зауытының негізінде материалды қауіпсіз сақтау үшін қажетті инфрақұрылым құрылды, - деп хабарлайды ҚР Сыртқы істер министрлігі.АЭХА ТБУ банкі - Қазақстанның халықаралық қауіпсіздікті және ядролық қаруды таратпау режимін нығайтудағы жетекші рөлін растайтын маңызды үлесі.
АЭХА ТБУБ үшін материалдарды жеткізушілер - қазақстандық «Қазатомөнеркәсіп» ҰАК» АҚ және француздық «Орано-Цикл» компаниясы.
Қазақстан мен АЭХА арасында АЭХА ТБУБ құру туралы құжаттарға қол қою рәсімі 2015 жылы тамызда АЭХА Бас директоры Юкия Аманоның Елордаға сапары кезінде өтті.
Айта кетейік, АЭХА-ның Қазақстанда төмен байытылған уран банкін құру жөніндегі халықаралық жобасы Қазақстанның Тұңғыш Президенті - Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың бастамасымен сәтті жүзеге асырылды.
Тақырыптар:
Первая партия низкообогащенного урана Банк низкобогащенного урана в Усть-Каменогорке Министерство иностранных дел РК