Тарбағатай ауданында бала екінші мәрте үйінен қашып тұр
Бүгін таңертең полиция қызметіне оқушының жоғалып кеткені туралы ақпарат түскен. Оны іздеуге ондаған адам жұмылдырылды
- 2009 жылғы Ақсуат ауылының тұрғыны 13 қазан күні таңертең үйінен шығып кетіп, қайтып оралмаған. Іздеу жұмыстарына атқарушы органнан 1 бірлік техника мен 4 адам, полиция бөлімшесінен 20 адам мен бірлік техникағ ТЖБ мен өрт сөндіру бөлімінен 2 бірлік техника мен жеке құрамның 6 маманы жұмылдырылды, - деп мәлімдеді Тарбағатай аудандық төтенше жағдайлар бойынша бөлімшесі.
Үйінен қашқан бала бір жарым сағаттан кейін Ақсуат ауылынан 8 шақырым жерде Көкжыра ауылына апарар жолда табылған. Оны аудандық ТЖБ басшысы Дәурен Сағатбеков тапқан.
Баланың үйінен не себепті қашқанын анықтау үшін полиция қызметкерлері оның ата-анасымен сөйлейті. Олар баланың бұған дейін де үйінен кетіп қалғанын айтты. Анықталғандай, отбасы Ақсуатқа қоныс аудармас бұрын Көкжырада тұрған.
Баланың жағдайы жақсы, медициналық көмек қажет болмады.