Өскемен
пасмурно
-10°
  • Өскемен
    -10°
  • Алматы
    -2°
  • Астана
    -6°
  • Ақтөбе
    -2°
  • Актау
    +10°
  • Орал
    +3°
  • Қарағанды
    -8°
  • Көкшетау
    -6°
  • Қостанай
    -5°
  • Қызылорда
    +3°
  • Павлодар
    -9°
  • Петропавловск
    -8°
  • Тараз
    +1°
  • Туркестан
    +2°
  • Шымкент
    +5°
$
498.34
519.72
¥
68.79
4.85
ҚР Ұлттық банк курстары

Егер бір оқиғаның куәсі болсаңыз, құқығыңыз бұзылса немесе қандайда бір мәселені көтергіңіз келсе, бізге хабарласыңыз

Өскемен мен ШҚО Өскемен мен ШҚО
Ирина Николенко
Ирина Николенко
Ақпарат көзі:
Устинка

ШҚО әкімі қысқа мерзімде Аягөз ауданындағы сумен жабдықтау желілерін қалпына келтіруді аяқтауды тапсырды

Бірнеше елді мекен мен облыс аудандарында, оның ішінде аягөз қаласында сапалы ауыз сумен қамтамасыз ету бойынша өзекті мәселе туындады.

Аягөз қаласында 2017 жылы 30 шақырымнан астам су жеткізу желісі мен су іркуіш құрылыс қайта қалпына келтіру басталған еді. Жұмысты былтыр желтоқсан айында бітірген-міс. Алайда тұрғындардан жеткен арызға сай, сапалы ауыз су барлығына бірдей жетпеген.
- Бұл Құрманғазы, Шәкенов, Құрманғали Халида, Момышұлы, Уәлиханов, Суағар және Еңбекші көшелеріне қатысты. Құрылысқа 476 млн.теңге бөлініп, игерілген. Мердігер компания – «Қазэлектринжиниринг» ЖШС.
Дәл осы мердігер 670 млн теңгеден астам қаражат бөлінген канализация жүйесін қайта құру жұмыстарын бітірмеген, - деп хабарлайды облыс әкімі Даниал Ахметов өзінің әлеуметтік желідегі парақшасында.
Дәл осындай көрініс Бөгенбай, Қопа және Ай ауылдарында да бар. Сыртқы су құбырларын қалпына келтіру және су іркуіш пен су жеткізу желілерінің құрылысы бітпеген.
- Қысқа уақыт аралығында бұл нысандардағы жұмыстар толық аяқталуы тиіс. Оған менің орынбасарым Бақытжан Баяхметов және аудан әкімі Ділдәбек Оразбаев тікелей жауапты, - дейді әкім.
Мердігер бұл қысқа мерзімде жұмысты сапалы түрде орындауы мүмкін бе? Дегенмен тырысып-бағар. Ауыз суды жүздеген ауыл тұрғындары ұзақ уақыттан бері күтіп отыр, үміттерін тағы да алдамауы керек.


Следующая →