Өскеменде есірткі шеккен автобус жүргізушісі ұсталды
ШҚО ПД қызметкерлері есірткіге мас күйінде қоғамдық көлікті тізгіндеген жүргізушіні ұстады
Тәртіп бұзушы 11 қазан күні "Автобус" ШААШ кезінде қолға түсті.
ШҚО Полиция департаментінің баспасөз қызметі ұсынған ақпараттарға сүйенсек, қала ішінде жолаушыларды тасымалдайтын микроавтобустың 28 жастағы жүргізушісі "каннабиноид" әсерінде жүргені анықталлды.
- Жүргізушіге қатысты ҚР Әкімшілік құқықбұзушылық туралы кодексінің 608-бабы 1-бөлігі бойынша әкімшілік хаттама толтырылды, - деп хабарлады мекеменің баспасөз қызметі.
Естеріңізге сала кетейік, 10-17 қазан аралығында ШҚО бойынша "Автобус" шұғыл алдын алу шарасы жүріп жатыр.