Өскемен
ясно
-10°
  • Өскемен
    -10°
  • Алматы
    +3°
  • Астана
    -7°
  • Ақтөбе
    -4°
  • Актау
    +10°
  • Орал
    +3°
  • Қарағанды
    -5°
  • Көкшетау
    -8°
  • Қостанай
    -8°
  • Қызылорда
    +3°
  • Павлодар
    -10°
  • Петропавловск
    -10°
  • Тараз
    +4°
  • Туркестан
    -5°
  • Шымкент
    +10°
$
498.55
+0.04
524.28
+1.44
¥
68.76
-0.05
4.75
-0.06
ҚР Ұлттық банк курстары

Егер бір оқиғаның куәсі болсаңыз, құқығыңыз бұзылса немесе қандайда бір мәселені көтергіңіз келсе, бізге хабарласыңыз

Өскемен мен ШҚО Өскемен мен ШҚО Назерке Қайролданова
Ақпарат көзі:
Алдаспан

Күршім әкімі неге "өтірікші" болғысы келмейді?

Облыстық прокуратура жақында елді мекендерді сумен қамтамасыз етуге бағытталған "Ақбұлақ" мемлекеттік бағдарламасы шеңберінде бюджет қаражатын оңды-солды шашып, "жеп қою" фактілерін анықтады

Аймақта 15 ауызсу жобасы шегіне жетпеген. Оның бірі - Күршім ауылында.

Аудан бойынша барлығы 49 елді мекен бар. Оның ішінде 28 елді мекенде ауызсу мәселесі, әсіресе, Зай-сан көліне жақын орналасқан Аманат, Ақсуат, Боран, Жолнұсқау, Шеңгелді сияқты ауылдарда өткір. Суды көлден не жақын маңдағы каналдардан тасып ішеді. Ал Боран аулына құны 618 млн теңге тұратын су құбырын тарту жобасы 2016 жылы басталған болатын. Бірақ сапасыз жоба кесірінен мердігерлер діттеген мерзімде жұмыстарын аяқтамай, тұрғындарды зар илетіп отыр.

- Боран ауылында қазіргі уақытта негізгі жұмыстар атқарылды. Енді монтаждау, тағы бір-екі бітіретін жұмыстар бар. Қалған 31 млн теңгені игеріп, жұмысты осы жылдың аяғына дейін аяқтаймыз. Жұмысқа негізінен жерасты суы кедергі болды. Ол сыртқа шыға беріп, құбырлардың да арасындағы жұмыстарды тежеді. Биыл аяқтаймыз, - деп уәде берді Күршім ауданының әкімі Дулат Қажанов.

Сондай-ақ, аудан әкімі суды тазартудың блок-модуль құрылымының құрылысын орнату және ұңғымаларды бұрғылау мақсатында Ақши, Топтерек, Қыстау-Күршім ауылдарына облыстық бюджеттен 30 млн 151 мың теңге қаржы бөлінгенін атап өтті.

Блоктық модуль негізінен шағын ауылдарға бейімделген. Тағы да 4 ауылға биыл осы мақсатта облыстық бюджеттен 48 млн теңге бөлініп отыр. Одан өзге Марқакөл мен аудан орталығы Күршімде де ауызсу мәселесі бар. Екі үлкен ауылдың су жүйесінің жобалық-сметалық құжатын жасауға облыстық бюджеттен ақша бөлінген болатын. Ол мақұлданса, қараша айында мемлекеттік сараптамадан өтеді. Осылайша тек келер жылы республикалық бюджеттен қаражат сұралуы мүмкін. Жалпы орталықтандырылған су жүйесі ауданның бірқатар өңірлерінде өзекті. Алайда өркениеттің өзі болмаса да шеті жақын маңда көрінер ме екен?

- Қүршім мен Марқакөл ауылдарына үлкен қаражат бөлінді. Сонымен қатар, Барақ батыр және Маралды ауылдық округі бойынша жоба дайын, оны облыстық басқармаға тапсырдық. Олар ары қарай республикаға өткізуі керек. Қалған Аманат, Ақсуат, Жолнұсқау, Шеңгелді сияқты ауылдарға ақырындап блок-модуль қою арқылы жұмыстарды жүргіземіз. Оған қоса судың күшін есептеу және басқа да мәселелер бар. Жоғарыда аталған ауылдардың барлығына су құбырын тарту жоспарда бар. Алайда барлығын бірдей қамту, барлығына бірдей қаражат бөлу қазіргі уақытта мүмкін емес. "Осы уақытта аяқтаймыз" деп те өтірікші болғым келмейді, - дейді Дулат Зайсанбекұлы.

Бір ғана қуантарлығы "Ақбұлақ" бағдарламасы аясында ауданның Қалжыр ауылына су тарту жұмыстары басталып кетті. Жұмыстың жалпы құны 526 млн теңгені құрайды. Одан бөлек 96 млн теңге республикалық бюджеттен бөлініп отыр. Әкімнің айтуы бойынша, жоба негізінде 22 шақырым су құбыры тартылып, ауыл тұрғындары сапалы таза ауыз сумен қамтылатын болады. Тек бұл жұмыстар алдынғылар сияқты сағызша созылып, жоба іске қосылғанша ауыл тұрғындары туған жерінен үдере көшіп кетпесе игі.

Следующая →