Шығысқазақстандықтарға енді мекенжай анықтамасының қажеті жоқ
Осы құжатты қажет еткендер ХҚКО-ға бармай-ақ өзі egov.kz порталынан ала алады
Мекенжай анықтамасы Халыққа қызмет көрсету орталықтарында ең көп берілетін құжаттардың бірі. Азаматтар осы құжат үшін ұзын-сонар кезек күтетін. Қағазбастылықты болдырмай, азаматтардың уақытын үнемдеу үшін ҚР ІІМ өз базасын басқа мемлекеттік ұйымдармен біріктірді.
- Белгілі бір азаматтан мекенжай анықтамасын сұратқан басқа ұйымдар, оның ішінде жеке компаниялар да енді бұл құжатты egov.kz электронды үкімет порталынан өзі ала алады, - деді "Азаматтарға арналған үкімет" мемлекеттік корпорация" ҚЕ ШҚО бойынша филиалының баспасөз қызметі. - Бірақ бұл азаматтың өзі SMS арқылы келісімін берсе ғана мүмкін болмақ.